"Түнгі студияға" жаңа жүргізуші келді

0
4 239

"Бұл бағдарламаға кім келеді?" деп тағатсыздана көрерменге жаңалығымыз, ендігі уақытта "Түнгі студиядадан" Қайрат Әділгерейді көретін боласыздар. Ал продюссері болып танымал бағдарламалардың продюссері-тележүргізуші Асхат Садырбай келді.


Көпшілік соңғы кезде көп сынайтын Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасын енді жүргізбейді. Ол туралы продюссер желідегі парақшасында: "Әр нәрсенің өз дәуірі, өз уақыты, өз сәті болады. Ештеңе де мәңгі емес!..
Түнгі студия - менің Өмірімде өзіндік орны бар, өзіндік ерешелігімен есте қалған жоба болды. Тек мен үшін емес жобада қызмет атқарған бір топ мықты қызметкерлердің де шағын шаңырағы, шайқалмас шаттығына айналды. Әлі есімде, алғаш келген қонағымыз Роза Қуанышқызынан бастап, бар күш-жігерімізді "Түнгі Студиямыз" көрермен көзайымына айналу үшін күні-түні шығармашылық шыңында талай қызықты сәттерді өткіздік. Еліміздің ең танымал тұлғаларынан бастап, әлемді аузына қаратқан шетел жұлдыздары да біздің жайлы диванға жайғасты. Рой Джонс, Бурак Озчевит, Сидxард Шукла т.б әлемге танымал жұлдыздар ерекше оқиғаларымен қазақ көрерменімен табысты. Батырxан Шүкенов ағамызбен де осы студияда әсерлі әңгіме айтып жүздескенбіз ( отандық телеарналарға берген бұл соңғы сұxбаты болатын). Бұл студияда әзілдедік, күлдік, шынайы жан сырын ақтарып, нағыз эксклюзивті жаңалықтарды да жарияладық. Әр қонағымызды - бір тұлға деп көрген командамыздың бұл жан дүниесімен құрған жобасы болды. Оның дәлелі - рейтинг пен xалықтың пікірі, Ел ағаларының айтар ойы! Бұл эйфориямен жүргенде Елбасымыздың өзі біздің студияға қадам басып, батасын берген болатын! Осылайша, Түнгі студия - Қазақ телевидения тариxында Елбасының өзі қатысқан бірінші бағдарлама болып қалатыны аксиома!
Осы жылдар аралығында менімен бірге болған, бірге түсірілім жұмыстарына қатысып, талай еңбекті атқарған барлық әріптестеріме, бар жанашыр жандарға шын жүректен алғысымды білдіремін! Бұл мен үшін ұмытылмайтын сәттер болып Өмірімнің тариxында қалатыны сөзсіз! Қош бол, "Түнгі студия"!!! Біреу ренжітіп жатса, xабарлас."

"Бұл бағдарламаға кім келеді?" деп тағатсыздана көрерменге жаңалығымыз, ендігі уақытта "Түнгі студиядадан" Қайрат Әділгерейді көретін боласыздар. Ал продюссері болып танымал бағдарламалардың продюссері-тележүргізуші Асхат Садырбай келді.