Тұрсынбек Қабатов: "Мөлдірдің аяғы ауыр"

0
11 148

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жары Мөлдірдің аяғы ауыр екенін айтты.


Тұрсынбек Қабатов:

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жары Мөлдірдің аяғы ауыр екенін айтты. Мұны Мөлдір өзінің инстаграм парақшасында жариялап, "Сызылып фотоға түсейін деген едім негізі, видео екенін қайдан білейін?" деп жазба қалдырды.

Видеода Мөлдір Тұрсынбектің арқасында тұрғандықтан оның аяғы ауыр екені анық көрінбейді. Бірақ жарының "Мөлдірдің аяғы ауыр" деген сөзіне, "Айтпа дедім ғой..." деп күледі. Шоуменнің жарына хабарласып, нақты ақпарат сұрамақ болғанымызда телефонына жауап бермеді.

Дегенмен желідегі жазбасының астына "Қандай күшті, бауы берік болсын!", "Аман-есен дүниеге алып келуіңізге тілектеспіз" деген ақжарма тілектерге Мөлдір рақмет айтып жауап жазған.


Фото-видео: @moldir.mt

ERNUR.KZ.