Тұрсынбек Қабатов отбасымен маскалар тігіп, тегін таратуда

0
1 789

"Әртүрлі маска тігіп жатырмыз. Бұл креатив үшін емес, тазалық үшін. Бір үйде әркімдікі әртүрлі болуы керек", - дейді актер.


Тұрсынбек Қабатов отбасымен маскалар тігіп, тегін таратуда

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Елімізде орын алған жағдайға байланысты халыққа көмектесіп, аурудың алдын алу үшін маскалар тігуді қолға алды. Өнер иесі жанұясымен бірге маскаларды өз қолымен тігіп, мұқтаж жандарға тегін тарататынын айтты. Ол отбасымен маскаларды дайындап жатқан сәтінен видео жариялаған. Әрі мұндай қайырымдылық шараны челленджге айналдырды.

"Құрметті достар, құрметті бауырлар. Мына вирус қазақ елін айналып өтпеді. Бізге де келіп жетті. Жүрегіміз ауырып отыр. Күннен күнге жұқтырғандардың саны көбейіп жатыр. Бауыржан Момышұлы "Тәртіпке бағынған құл қалмайды" дейді. Сондықтан да тәртіпті сақтайық. Міне, үйде отырмыз. Карантин. Бірақ, бос отыруға болмайды. Осындайда бірігуіміз керек. Біз үйде отырып маска дайындап жатырмыз.
Оларды жуып, үтіктеп қайта киюге болады. Бұл маскаларды тегін таратпақпыз. Өазір дәріханаларда таусылып немесе бағасы шарықтап кеткен жағдайда халыққа қол ұшын созуды көздеп отырмыз. Әзірге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша, вирус басқа ауданға бармай-ақ та қойсын.
Осы маскаларға мұқтаж болып отырған жандар болса, Мөлдірге жазыңыздар. Хабарласып, маскаларды алып кетсеңіздер болады. Ал келіп алуға мүмкіндігі болмай тұрғандарға өзіміз жеткізіп береміз. Осындайда бірігейік, ағайын. Ән мен сөзбен емес, іспен дәлелдейік. Үйде отырып, үш-төрт маска тігіп, жақындарыңызға да таратсаңыз қандай жақсы болар еді. Нағыз челлендж деп осыны айтар едім Жақсы іс істеп жарысайық. Нағыз жанашырлығымызды осындайда көрсетейік" , - деді Тұрсынбек.