Тұрсынбек Қабатов: Шымкенттіктерге ризамын

0
3 289

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Оңтүстікке, әсіресе шымкенттіктерге ерекше ризашылығын білдірді .


Тұрсынбек Қабатов: Шымкенттіктерге ризамын

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

Жобалары елді елең еткізер, әзілінің түбінде зілі бар әзілкеш Тұрсынбек Шымкенттің тұрғындардың пысықтығын ерекше құрметтейді. Бұл жайлы дарынды актер YouTube желісіндегі Talk Laik жобасында берген сұхбатында айтты.

Ол өзінің әзілдерінің бірінде халықты балаға, ал жерді ойыншыққа теңеген. Мұндағы көздеген мақсат - бос жатқан қазақтың жерін ешкім пайдаға асырмайды, ал оны біреу аламын десе дау шығаратынын жеткізгісі келгендей. Сөзінің түбінде саяси астар да байқалады.

Десе де, еңбектеніп, жоқ жерден нан тауып отырғандарды да тілге тиек етті. Шымкенттің азаматтарын ерекше атап өтіп, оларға ризашылығын білдірді. Шырайлы шаһардың еңбекқорлығына таң қалған әртіс, бірімен-бірі жалғасып жатқан егіс алқаптарының нәтижесі экологиялық таза өнім, әрі табыс көзі екенін жеткізді.

"Оңтүстікке, Шымкентке риза боламын. Сол жаққа қарай барсаң бір бос жер жоқ. Бір ауыл бір ауылға жақындап, бір-бірімен тығыз, егін егіп, теплица, тағы бірдеңе болып жатады. Ал оңтүстіктен бері қарай жәймен жылжысаң тақыр жерлер көбейе бастайды. Есіктің алдындағы кішкентай жерге бақша, помидор екпейміз, егін екпейміз. Оның орнына дүкеннен сатып алады. Жер бос жатыр. Ал бос жатқан жер ешкімге керек емес. Ал сол жерді береміз десе, бәрі шулап шықты. Соны айтқым келген негізі әзілде", - деді Тұрсынбек.