«Тұрсынбектің өзі не айтқанын түсінбей қалады»: Сатирик белгілі әзілкешті сынға алды

0
1 868

«Көрерменнен шапалақ сұрауға болмайды!»


«Тұрсынбектің өзі не айтқанын түсінбей қалады»: Сатирик белгілі әзілкешті сынға алды

«Айтарым бар» бағдарламасында сатирик, фельетонист Берік Садыр танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты сынға алды.

«Тұрсынбек Қабатов «Тәлім ТВ» арнасына сұхбат бергенінде «Бұрынғыдай арнайы қағазға жазып алмаймыз. Әрқайсымыздың ойымызда тұрғанын сахнаға шыққанда орындай береміз» деп айтты. Барлық қойылымдарын қадағалап көріп отырамын деп айта алмаймын. Арасында көріп қалғанда жақсы тәуір дүниелер бар. Сол арқылы көрермен жинадыңдар. Ризамыз. Ал бірақ кей кездері Тұрсынбектің өзі де ойнаған нәрсесінің мән-мағынасын түсінбей қалады. Сатиралық шығарманы түсінетін адам болғандықтан не айтпақ болғанын кейде мен де түсінбей қаламын. Ең соңында орындап тұрған әртіс «Сол үшін қол шапалақтап жіберіңдерші!» дегені еш уақытта ондай нәрсе болған емес. Осыны қысқартсақ деп ойлаймын», - деді Берік Садыр.