​«Тығылған үңгірден шықтың ба?»: Ринат Заитовқа оқырмандары неге ренжіді?

0
10 250

Бұл пікірлерге ақын үш шумақпен жауап беріпті.


​«Тығылған үңгірден шықтың ба?»: Ринат Заитовқа оқырмандары неге ренжіді?

Айтыс сүйер қауым Ринатты бағалайды, жақсы көреді. Өнерде ғана емес, қоғамда да өз ойын ашық айта алатын азамат, өткен жылы сайлау кезінде белсенді болғаны ел есінде. Бірақ түрлі жайттармен Ринат халық алдына жиі шықпай кетті.

Соңғы кезде желігі жазба бөлісіп жүрген айтыскерге оқырмандар сөзбен оқ ата бастаған. Олар «Жоғалып кетіп қайта келдің бе? Тығылған үңгірден шықтың ба?», «Жайыңа жүре бермейсің бе?» дегендей пікірлер жазған. Бұл пікірлерге ақын үш шумақпен жауап беріпті.

«Әрбір адам ертеңіне алаңдар
Дей алмаймын таусылмайтын шамам бар
Жек көрсең де, кектенсең де себепсіз
Мен сендерді түсінемін АДАМДАР

Жүрегіме сыймай қалған жамандар
Өзінікін дұрыс қой деп бағамдар
Бауырыңа баспасаң да бағалап,
Мен сендерге ренжімеймін АДАМДАР

Таптатпауға тырысумен табанға АР
Бейнетпенен ғұмыр кешкен адалдар
Илеп, илеп итке тастай салсаң да,
Мен сендерді жақсы көрем АДАМДАР»

Осындай өлең жолдарын оқыған желі қолданушыларының кейбірі түсіністік тынытып, айтыскерге сәттілік тілеген. Тіпті олар көзіне жас алып, «Жаным ағам, Арыс ағам - ау Бұл қазаққа қалай өкпелейміз, кешегі Махамбет бабамның басын алған қазақ емес пе, Мағжанды орысқа ұстап берген қазақ емес пе? ҚҰНАНБАЙДЫ ҚАМШЫМЕН САБАҒАН ҚАЗАҚ ЕМЕС ПЕ? Мұхтар Әбләзовты тыңдап, Шахановты елемей кеткен қазақ емес па? Қашан бұл қазақ тірісінде арысын қолдап, қорғап еді» деп қолдау білдірген.