Ұлымен бірге ән айтқан Төреғали Төреәлі елді сүйсіндірді (видео)

0
4 721


Ұлымен бірге ән айтқан Төреғали Төреәлі елді сүйсіндірді (видео)

Танымал әнші Төреғали Төреәлі қазір әйелі мен балаларының суретін еркін жариялайтын болған. Бұрын жасырып жүретін әншінің мұндай шешімге келуіне не түрткі болғаны белгісіз, бірақ ол әлеуметтік желіден балаларына да парақша ашқан.

Әнші өзінің үлкен ұлы Төренұрмен бірге бұрын “Әке мен бала” әнін орындаған видеосын жариялаған. Ол видеоны қызы түсіріп тұрғанын аңғару қиын емес.


Домбырамен ән салып отырған бұл видео әлеуметтік желіде жарияланған сәттен-ақ оқырмандардың ыстық ықыласын алды. Оқырмандары "жүрекше", "Бас бармақ" сияқты өңтаңбаларды жіберіп, "Бурындары Төреәлі мен Төреғали дуетінен тыңдаушы едік. Енді міне керемет Төреғали өз ұлымен бірге шырқап жатыр", "Тәттісін-ай", "Көз тимесін" деген пікірлерін жазуда.