«Ура! Олар татуласты!»: Қайрат пен Жұлдыз інісінің тойында табысты

0
11 813

Екі жасқа неке жүзігін салды.


«Ура! Олар татуласты!»: Қайрат пен Жұлдыз інісінің тойында табысты

Отандық танымал хитмен әнші Қайрат Нұртас пен оның келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова жұлдызды отбасының кенже ұлының үйлену тойында табысты. Кеше ғана 600 қонақпен дүбірлі өткен тойда үйдің үлкен келіні Жұлдыз да балаларымен бірге келді. Осы уақытқа дейін қайынжұртының бірде-бір қуанышында төбе көрсетпеген келінін қайынатасы да, енесі де, тұтас ел қуана қарсы алды. Жұлдызды келіннің кіші қайнысының тойына барғанына желідегілер де қатты қуанып жатыр.

Одан бір күн бұрын, 26 наурыз күні Түркістан қалалық драма театрында «Махаббат мұнарасы» қойылымында басты рөлді сомдаған Жұлдыз Әбдікәрімованы Қайрат Нұртас 101 раушанын алып сахнаға шығып құттықтаған болатын. Жұлдызды жұптың татуласқанын желідегілер сол кезде сезіп, шынайы тілектерін ақтарған еді.


Ертеңіне Заңғар мен Жібектің үйлену тойына жарқырап келген Жұлдыз Қайрат екеуі екі жасқа неке жүзігін тақты. Тойда жарасып, құшақтасып би де биледі.




Осының бәрін желіден бақылап отырған оқырмандардың қуанышында шек жоқ. Қазақстанда дәл осылай ел аузында жүрген жұп жоқ шығар, сірә. Елдің бәрі тек Қайрат пен Жұлдызды ғана уайымдайтындай көрініп кетеді кейде.

«Елдер тойға емес, Қайрат пен Жұлдыздың бірге болғанына қуанатын сияқты ғой», «Қайрат пен Жұлдыздың қосылуына екі жас себепкер болды ғой. Махаббаттары мәңгілік болсын!», «Тойға емес, Қайрат пен Жұлдызға қуанып жатырмыз», «Нұртас әулетінің балалары бақытты болсын! Қайрат пен Жұлдыздың бірге жүргеніне біз де мәзбіз», «Бейне бір Қайрат пен Жұлдыз үйленіп жатқан сияқты», «Қайрат пен Жұлдыздың табысу тойы сияқты, Жібек бәрін татуластырып, құтты келін болды», «Қайрат пен Жұлдыз неке жүзігін тағып, ақ тілегін арнап жатқан көріністі көріп, қуанғаным сонша, жүрегім елжіреп, толқып кеттім, Алланың көзі тура болсын!» деген сияқты жүздеген пікірлерді оқуға болады.