"Үш жылдық концерт аяқталды": Айгүл Елшібаева Құралай ханымды кешірді ме?

0
1 747

Құралай ханымның кешірім сұраған әлеуметтік жазбасына дәстүрлі әнші жауап жазды.


Жеке парақшасына жазба жариялаған әнші психологтың бұл әрекетіне еш қуанбағанын жазған.


"Жүрегім еш қуанбады. Шайып кетем, сайып кетем, қайқып кетем, тайып кетем, бөсіп кетем деген Құралай ханымға қалай сенем?
Баяғыда ведьмамын деп жазғанда шошып кеткен едім. Мастер Сюцай-буддизмнің Раджа иогадан тарайтын ведалық нумералогияның саласының шебері Қүрапамның, исламның Қағбасынан бір шыққаны қызық болды".



Әнші Құралай ханымға жасанды әрекет жасамау туралы айтқан.


"Сені көрмегелі 3-жыл болды, Құрапа. Публикаға өтірік ойнаудың қажеті жоқ. Дем салдырған қатындарды емдетіп, сауабын ал. Маған берген атың сол болсын" деп жазды дәстүрлі әнші.


Желі қолданушыларының пікірі бұл жазбаға қатысты екіге бөлінді. Бірі қолдады, бірі даттады. "Кешірім сұрағасын кешірімді болу керек шығар", "Қандай сауатты жансыз!", "Құралай қатесін мойындаса, жинаған ақшасын қайтарсын", "Осы кезге дейін түсінетін уақыт болды" деп жазды желі қолданушылары.


Алайда, әнші пікір жазуға шектеу қойған.