"Ұяты жоқ!" : Желіде Қайрат Нұртастың бейтаныс қызды күштеп көлікке отырғызып жатқан видеосы тарады

0
5 040

«Балалары өсіп қалды, осындай видеолардың керегі не?!»


Жақында әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың бейтаныс бойжеткенді көлікке күштеп отырғызып жатқан видеосы жарияланған болатын, деп хабарлайды Express Qazaqastan. Желі қолданушылары әншіні "отбасын тастап жас қыздың соңынан кетті" деген айып таққан.

Видео Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жарияланды.

Алайда, Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова бойжеткеннің шын мәнінде кім екенін түсіндіріп берді. Продюсерінің айтуынша, видеодағы қыз оның келіні Жұлдыз Әбдукәрімова екен. Гүлзира мұны дауға айналдырған желі қолданушыларына қатты ашуланды.

«Бейнежазба желіде жарияланып кетіпті. Бұл қыз менің келінім Жұлдыз Әбдукәрімова. Екеуі жиі келіспей қалады», - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Қайраттың бұл әрекетін желі қолданушылары сынап, түрлі пікірлер жазды. «Қайрат адам емес. Ұятсыз бала сияқты ғой», «Отбасылы бола тұра жас қызды сүйрегені несі?!» деп жазды желі қолданушылары.