"Вакцинаны салдырамын": Ләйлә Сұлтанқызы екпеге қатысты ойын айтты

0
1 486

"2007-09 жылдары жоспарлы түрде ұлдарыммен барлық прививканы алдық. Оның ішінде ОРВИ-ға қарсы егу де болды" дейді ол.


Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қауіпті індетке қарсы вакцинаны салдыратыны туралы айтты. Бұл туралы жүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алдыңғы жазбаларының бірінде жүргізуші оқырмандарынан вакцинаға қатысты ойларын сұрап, сауал тастаған. Алайда кейбір оқырмандар қоғамның ішінде, ел алдында жүрген жанның алдымен өзі неге пікір айтпайды деген ойын айтқан.

"Вакцина жайлы жазбаның астына бір оқырман: “Әуелі неге өз пікіріңмен бөліспейсің”, - деп ұрысып алыпты. 2007-09 жылдары жоспарлы түрде ұлдарыммен барлық #прививканы алдық. Оның ішінде ОРВИ-ға қарсы егу де болды. Менде де ана ретінде, адам ретінде уайымдадым, қорықтым.

Біраз зерттедім. Барлығының құрамын қарап, әр қоспаның әсері жайлы оқып шықтым. Егжей-тегжейлі біліп қана, екі ұлыма да егуді жасаттым.

Мұнымен не айтқым келеді?! Иә, мен де барлығы сияқты өз денсаулығыма алаңдаймын. Австралияның болсын, Ресейдің болсын вакцинасын салдыруға қорқамын.

Мысалы, бүгін ғана ДДСҰ (ВОЗ) сапалы вакцинаның жарты жылдан кейін ғана шығатынын айтты. Кеше басталған вакцинаға сенімсіздікпен қараймын, жарты жылдан соң шығатын вакцинаны салдырамын. Бірақ, Зерттеп, көзімді жеткізіп қана
" - деп жазады Ләйлә Сұлтанқызы.

Жүргізушінің оқырмандарының көпшілігі оның ойын қолдаған.

"Менде солай ойлаймын. Алдымен сапалы вакцина шықсын.", "Мен балаларыма вакциналарын уақытында салдырттым.Құдайға шүкір.Дін аман.Барлығы жақсы шүкір шүкір.", "Иә дұрыс аитасыз, менің ойым да солай. Менде екі баланың анасымын, балаларым үшін уайымдаймын", "Үлкен рахмет ойыңызбен бөліскеніңізге. Қәзір сондай заман болып тұр сенімсіздік басым,алаңдап, қорқатын" деп жазады оқырмандары.