Ерке Есмаханның бояусыз түрін көрген тыңдармандары тосылып қалды

0
18 205

Ерке Есмаханның бояусыз түрін көрген тыңдармандары тосылып қалды.


Ерке Есмаханның бояусыз түрін көрген тыңдармандары тосылып қалды

Ерке Есмаханның бояусыз түрін көрген тыңдармандары тосылып қалды.

Кеше әлеуметтік желідегі парақшасына ауылда жүрген суретін жүктеген танымал әнші Ерке Есмаханның жазбасының астына пікір жазған оқырман көп болды. Олардың дені әншінің бояусыз түскен суретін алып тастауын өтініп, макияж жасамаса болмайтынын айтты.

Ал екінші бір топ Еркенің бояусыз-ақ әдемі екенін айтып, жоғарыдағы пікірді айтқан адамдарға қарсы шықты.

Бұл суреттің астына Ерке ханым: "Соңғы екі аптада біз ауылда тұрып жатырмыз. Ауылдың тіршілігіне үйреніп кеттім. Өзім де ауылдан шыққанымды, «қазақ» деген ауыл тұрмысы қанына сіңген бабаның ұрпағы екенімді ешқашан ұмытқан емеспін. Табиғаты көркем, саф таза ауа, күн ұясынан асығып шығады, кешке қарай асықпай, әдемі болып ұясына батады. Ымырт түні тыныштық сыйлайды. Түнде жұлдыздар аспаннан жымыңдайды. Өмір асықпай өтіп жатқандай. Даланы еркін кезіп, көктемгі гүлдердің жұпар иісін терең тыныстап жүрмін. Бай әдет-ғұрпы бар, қаны таза, жаны таза, дарxан даласы сияқты көңілі кееең қазақ деген ерекше xалық екеніміз ауылға келгенде айрықша сезіледі! PS: Мұны жазып отырған «Кафе махаббат» киносындағы ауылдың қара домалақ, қарапайым қызы-Мақпал. «Өскенде Ерке Есмаxан сияқты әнші болам!»-дейді" деген мәтінді жүктеген болатын.

Фото: erke_esmahan

ERNUR.KZ