"Заңға түкіргені ме?": Әнші Арапбаева сынға қалды (видео)

0
1 828

Автокөлік басқарып келе жатып, телефонға түсіріп отыратын және қауіпсіздік белбеуін тақпайтын "жұлдыздар" өте көп.


фото: әлеуметтік желіден алынды

Танымал әнші Маржан Арапбаева көлік жүргізіп келе жатып, тікелей эфир жүргізген видеосын сторисіне жүктеген. Бұл видеоны көрген оқырмандар өнер иесінің көлік жүргізіп келе жатып, тікелей эфир түсіріп, қауіпсіздік белдігін қолданбай, заңды белшесінен басқанына наразы. Оқырмандар өнер иелерінің көпшілігі көлікті заңды бұзып айдайтынын жазады.

"Заң алдында бәрі тең! Мейлі, министр, мейлі, әнші... Әлеуметтік желіде автокөлік басқарып келе жатып, телефонға түсіріп отыратын және қауіпсіздік белбеуін тақпайтын "жұлдыздар" өте көп. Неге олар осы құқық бұзушылық әрекеті үшін жауап бермейді? Олардың қай жері артық? Әнші, биші болғаны үшін бе? Әлде Қазақстан азаматтарына бірдей ортақ заңға түкіргені ме? Маржан Арапбаева 7 сағат бұрын өзі жариялаған видеосында 2 бірдей жазаға лайық:

1. ҚР ӘҚБтК 591-бабының 1-тармағы. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы - 5 АЕК.
2. ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-тармағы. Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау – 5 АЕК.
P.S. Арапбаеваға адвокат болмай-ақ қойыңыздар. "Жұлдыз ұстаған" жұлдыздардың ЖҚЕ бұзушылықтарын бұдан кейін де жариялап тұратын боламын. Заң бәріне ортақ!" - деп жазады белсенді әлеуметтік желі қолданушысы.