«Жақсы адам БІЛГЕНІН, жаман БЕРГЕНІН айтады»

0
8 078

«Ақылды білген-көргенін, ақымақ ішіп-жегенін айтады» деген нақыл бүгінгі біздің қазақ жұлдыздарына арналып айтылғандай... Келісесіз бе?


«Жақсы адам БІЛГЕНІН, жаман БЕРГЕНІН айтады»

Қазақта «Жақсы адам білгенін, жаман адам бергенін айтады» деген сөз бар. Сол сияқты «ақылды көрген-білгенін, ал ақымақ ішіп-жегенін айтады» деген де терең мағыналы нақыл бар екенін көпшілік білсе керек?! Осы орайда қазақ жұлдыздарының, әншілерінің инстаграм парақшасына жариялаған, жазған жазбаларына қарап отырып, мәтелде айтылған «ақылды» мен «ақымақты» ажыратуға болатын сияқты.

Сахнада жүрген қазақ жұлдыздарының арасында елімізде болып жатқан түрлі жағдайларға байланысты салмақты ой айтып, парасатты пікірін білдіретіндері санаулы ғана. Соның бірі – әнші Сәкен Майғазиев.

Ол әлеуметтік желілерде белсенді болмаса да, анда-санда жазатын посттары мазмұнды, мәнді. Жақында инстаграм парақшасына салған сондай жазбасының бірі көпке тәлім боларлық деуге болады.

saken_maigaziyev: «1994 жылы қолым мен жүрегімді ұсынып, достасқаннан бастап мен оны «Кемпірім», ол мені «Шалым» дейтін. «О несі?!» дегендерге: «Сол сөзден кемпір, шал болып кетпейміз ғой...» деп, беріге дейін солай атап жүрдік.

Соңғы 5 жылда қойдық. Ділді, дәстүрді дәріптеп жүрген бір ақсақал: «ҚАЗАҚтың аналары ҚҰДАЙ қосқан жарын, яғни күйеуін «пірім» деп құрметтеген. Пірі қайтқан әжелерімізді пірі кем, яғни «кемпір» деп атапты деп түсіндірді. Жан тәтті ғой, содан бері мен жанымдағы кісіні «Анасы», ол мені «Әкесі» деп атап кеттік», - деп жазды.

Көпшілік «Өте мағыналы сөз екен, осы жасқа дейін мән бермеппіз», «Жастарға керемет тәрбие беретін сөз екен», «Дурыс болды! Шал-кемпир деген сөздер анайы естіледі. Одан да асыл жарым, ханшайымым деген де дұрыс қой», «Сәкен аға, осындай дүниелерді көбірек насихаттап, салып отырыңызшы. Басқа ер-азаматтар да сіз секілді әйелін сыйласын» деп ризашылыққа толы пікірлерін жаудырды.

Әнші ағамыздың бұл жазбасы көпішілікке ой салса екен. Өйткені, жап-жас жұбайлардың арасында бір-бірін «кемпірім», «шалым» деп атап жүргендері көп. Ал, сіз қалай атап жүрсіз, оқырман?

Фото: @saken_maigaziyev

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


"Мөңке би айтқысы келіп, бірақ айтпағандарын" ақын Балғынбек айтты


«ХАЙПЕРҒАЛИ ХАЙПЕРӘЛІ», «Малшы болғысы келетін ӘНШІ» - кімдер?


«Құтырайын депті ҚАРТАЙҒАНДА...» - "Қалаулымның" түркістандық қатысушысы көптің сынына қалды