Жас журналист жыр оқу эстафетасын Елбасына жолдады (видео)

0
1 712

Ескерту: Автор және редакцияның жазбаша рұқсатынсыз мақаланы көшіріп басуға тыйым салынады.


Жас журналист жыр оқу эстафетасын Елбасына жолдады (видео)

Осыған дейін біз елге танымал жұлдыздар "Алпамыс жырын" жатқа оқып, әлеуметтік желіде эстафета жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Олардың арасында халыққа жақсы таныс шенеуніктер мен мәдениет қызметкерлері де болды. Ал кеше бұл эстафетаны жас журналист, ақын Марғұлан Ақан еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына жолдады.

Марғұлан Ақан: "Алпамыс батыр жырын шенеуніктер мен көзге көрінетін тұлғалар оқып, эстафета бастаған екен. Қолдадық..!

Мен, Марғұлан Ақан, Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының Бас редакторы, Алпамыс батыр жырынан үзінді оқимын.

Аталған эстафетаны ҚР-ның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мырзаға және кеше ғана «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында, қазақ пен жылқының біте қайнасқан қасиетін көрсеткен президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жолдаймын!"



ERNUR.KZ