"Жезөкше...": "Қыз тәрбиесі" атты әлеуметтік ролик көрерменге жол тартты (видео)

0
3 199

5 минуттық қысқа ролик бір күнде 300 мыңнан аса қаралым жинаған.


фото: фильмнің кадрынан алынды

2015 жылы құрылған "TALAS FILM" киностудиясы бүгінге дейін 2 толық метражды, 13 қысқа метражды фильмді көрерменге ұсынған.

Киностудияның директоры, белгілі режиссер Серік Таласов таспалаған фильмдер кинотеатрларда көрсетілмесе де, әлеуметтік желілерде ең көп қаралымға ие. Оны жұрт іздеп жүріп көреді. Режиссердің "Гарантия" атты толықметражды фильмінің қаралымы 4,5 миллионнан асқан. Оның кезекті жаңа туындысы көрерменге жол тартты.


Жаңа туынды "TALAS FILM" Youtube каналында жүктелген. 5 минуттық роликті көрермендер жақсы қабылдаған.

Ролик қысқа көлек киген қазақ қызының көшеде көлік тоқтатып тұрған сәтінен басталады. Ал қымбат көлік мінген ер кісі қыздың киіміне қарап, оны "жезөкше" деп ойлап, сөзге тарта бастайды.



"Өте керемет. Санасы бар адамға осы фильм сабақ болады", "Режиссерлер осындай мағыналы фильмдерді көптеп түсірсе екен", "Серік Таласов ағамыздың фильмдері бір-бірінен өткен шедевр! 5 минутта мағынасы зор фильмдер түсіреді, ал кейбір киноларды 2 сағат көріп, не үшін көргеніңді түсінбейсің!", "4 минуттық фильмде үлкен мән бар", деп жазған желі қолданушылары.