«Жезөкшеліктен кейін тұрған кәсіп»: Дина Төлепберген журналистикаға осындай теңеу айтты

0
2 436

«Бізде қазір даму жоқ»


«Жезөкшеліктен кейін тұрған кәсіп»: Дина Төлепберген журналистикаға осындай теңеу айтты

Белгілі журналист Дина Төлепберген журналист болғысы келетін қыз-жігіттерге ақыл-кеңесін айтты. Журналистің айтуынша, журналистика факультетіне түсіп, 5 жыл уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.

«Қазір біздің салаға басқаша ойлайтын милар керек. Меніңше, математика, физика, маркетинг, тарих, психология сынды арнаулы саланы бітіріп, бізге келсеңіз, Сіздің үздік болуға мүмкіндігіңіз көбірек! Анағұрлым көбірек.

Жеке өзім қызметкерлерді жұмысқа алғанымда "журналистика" факультетін бітірген бе жоқ па, ол жағына мән бермеймін. Өйткені ақпарат алу, жазу, монтажды үйрету мүмкін. Ал ішкі капитал ол - Сіздің байлығыңыз», - дейді Дина ханым.

Сонымен бірге Дина Төлепберген Юрий Дудьтің "жезөкшеліктен кейін тұрған кәсіп" деген теңеуімен келіспесіне болмайтынын айтты.