Жігер Ауыпбаев сөзін бөлген танымал әзілкешті "ұрып" тастады (видео)

0
3 885

Әнші әзілкешті жаңа туындысымен құттықтамақ болған.


Жігер Ауыпбаев сөзін бөлген танымал әзілкешті

Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева "Сүйіп қалдым жас баланы" деген әннің тұсауын кесті. Қазіргі кезде "Екі жұлдыз" жобасында ән салып жүрген әзілкеш өзінің әншілік қырын да байқап көруге бел буған. "Екі жұлдыз" жобасында Мерекеге жұп болып жүрген эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаев әзілкешті жаңа әнімен ерекше құттықтаған.

Жігер Ауыпбаев әзіл-шыны аралас құттықтауын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

"Мереке жаңа ән шығарып алып өзінше болып отыр ғой. Құтты болсын...", - деп жазған әнші.

Сондай-ақ парақшасына жүктеген видеодан Жігер Ауыпбаевтың сөзін бөле берген Мерекені әзілдеп ұрғаны анық көрінген.

Ал желі қолданушылары өз кезегінде жұлдызды жұпқа бағдарламаның келесі санынан сүрінбей өтуге тілек білдірген.

"Келесі жолы сәттілік", "Жобада соңына дейін қалсаңыздар екен", "Жақсы дуэт", "Сәттілік" деген тілектерін жаудырып жатыр көпшілік.