"Жолдыбаева Кішкенбаевты жеп қоятын сияқты": Бойдақтарды қосқан Аша Матай сөз естіді

0
2 823


Белгілі тележүргізуші Аман Тасыған жүргізетін "Ең алғашқы" бағдарламасына қонаққа келген Аша Матай өнердегі бойдақтарды қосты.

Жүргізушінің талабы бойынша танымал қыздарды танымал жігіттермен жұптастыруы керек болатын.

Ол суреттегі Дәурен Айдарқұловты бұрынғы әйелі Ақбота-Нұрға қосты. Ал Қуат Хамитовты нәзік әнші-актриса Кәмшат Жолдыбаеваға лайық деді. Ал, Алмас Кішкенбаевты ешкімге қоса алмаған әнші "Кәмшат оны жеп қоятын сияқты" деп жауап берді.

Кейіннен Әлішер Кәрімовты көрген Аша Матай оған Камшат жарасады, Ал Қуат Хамитовты Гүлназ Жолановаға лайық деп білді.

Мұны көрген желі қолданушылары оның тапқырлығына риза болып, жұптардың шын мәнінде бір-біріне жарасатынын айтты.

Бірақ кейбірі біреудің жеке өмірін шешкеніне наразылық білдіріп, теріс сөздерді де көптеп жазуда.