"Жүгіріп келе жатып, сүрініп кеттім: Гүлзира Айдарбекова күйеуімен қалай танысқанын айтып берді (видео)

0
3 126

Оған жолдасы "Сол жерде жылтың етіп күлгеніңде олай ғашық болмас едім" депті.


Хитмен Қайрат Нұртастың ата-анасы өздерінің қалай танысқандарын айтып берді. Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, олар көрші тұрған екен. Бұл туралы ол күйеуінің жаңа әнін желіге жүктеп, оқырмандарына айтып берді.

Гүлзира Айдарбекова: "Сүрінген қыз! Нүрекең ең алғаш мені көргенде , мен 18 жаста, ал Нүрекең әскерден келген кезі еді. Түркістан қаласында бір микр-да екеуіміз де ең үлкен ағаларымыздың үйінде тұрып жатқанбыз. Ағаларымыздың үйі қарама-қарсы екен, Нүрекең досымен екі үйдің арасындағы беседкада Азат досымен отырып, ауылға екі күн демалысқа кетуге, соңғы автобусқа үлгермей қаламын ба деп жүгіріп келе жатып, сүрініп қолымдағы наным ұшып түскенде, көзі түсіп: қарындас асықпаңыз, құлап қаласыз деген жігіттің дауысын есітіп, ашумен жалт қарағанымда ғашық болып қалған екен. Сол жерде жылтың етіп күлгеніңде олай ғашық болмас едім дейді қазір күліп. Содан соңымнан түсті. Сол кезде сүрінбегеніңде қазір ұлдарымның анасы, немерелерімнің апасы болмас едің, сүрініп көзіме түстің дейді. Алла шебер ғой деп, 34 жылдан соң арнаған әні ғой. Алла, баршамыздың бір жастықта абыроймен, толық қанды отбасы болып әдемі қартаюымызды жазсын!"

Жаңа әнді естіген желі оқырмандары олардың махаббаттарына тәнті болып, әдемі тілектерін көптеп жазуда. Олар "Нұртас мырза даусыңыз керемет. Гүлзира ханым мында көрсетіп тұр, әйелдер энергия беру арқылы энергия алмаса алатынын. Өте пысық анасыз, жарсыз, әжесіз. Сіздерді қүрметеймін. Қазақтың қыздарвна үлні бола алдыңыз. Алла қорғандарыңыз болсын. Альхамдулиллах. Амин!", "Қандай КЕРЕМЕТ! Жас кезде сүйю-күйю оңай және қалыптасқан жағдай. Ал сол сезімді өмір бойы сақтап қалу әр бір адамға берілмеген, сондықтан ересек жаста бір-бірімізбен сыйласып өтейік" деген сынды ойларын жазуда.