"Жұлдыз келмей ме?": Гүлзира Айдарбекова немерелерімен түскен суретін жариялады

0
4 736


Ел ішінде "Қайрат Нұртас пен Жұлдыз ажырасыпты", "Гүлзира Айдарбекова келінін кітабымен құттықтамады, жарияламады" деген сияқты сөздер көп тарап кетіп еді. Ол сөзді растағандай продюсер ханым біраз уақыттан бері Қайраттың отбасы туралы ештеңе айтпай, тіпті немерелерімен сурет те жарияламай кеткен еді.

Ал кеше немере ұлдарымен түскен суретін әлеуметтік желіге жариялап, "Балалы үй базар. Апасы келіп үйіміз базар болып жатыр. Әрбір шаңырақта сәбилердің күлкісі бола берсін!" деп жазды,

Мұны көрген оқырмандары қуанып, "Әрқашан бірге болсыншы, қуанып қалдым ғой. Атасы мен әжесіне келген балалардан...", "Балалы үй базар! Нұртас көкемен бір жастықта әдемі қартайып, немере-шөбере сүйіп, шөпшектің қолынан май жалап, олардың қызықшылығы мен қуанышына бөленіп, ұзақ әрі мағыналы ғұмырлы болуды жазсын", "Немерелеріңіз көбейе берсін.Әрқашанда қызықтарына тоймай ортасында әже болып отыра беріңіз" деген ақ тілектерін жазып жатыр.

Сонымен қатар, кейбір оқырмандар "Келінің келмей ме?", "Жұлдыз қайда?" деген де сұрақтар қойған.