Жұлдыз Өмірғали Айқынның 4 баласына төрт үй дайындап қойғанын айтты

0
1 153

Әнші Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқынның екі отбасындағы төрт баласын да үймен қамтамасыз етіп қойғанын айттып мақтанды.


Жұлдыз Өмірғали Айқынның 4 баласына төрт үй дайындап қойғанын айтты

Жұлдыз Өмірғалидың айтуынша, ол жолдасының осы қасиеттері үшін дән риза. Бұл туралы әнші "MOM’sкий әңгіме" бағдарламасында айтып берді.


"Естуімше, Айқын төрт баласына төрт үй алып, дайындап жатыр. Демек болашағын ойлап, жоспарлауда", - деген бағдарлама жүргізушісіне Жұлдыз Өмірғали бұл ақпараттың рас екенін ашып айтты.


"Үлкен баласында коттедж үйі бар. Қызында үш бөлмелі пәтер бар. Қазір тұрып жатқан үйімізді Аяның атына қалдырады. Ал жаңадан салынып жатқан үйді Санжардың атында қалдырамыз. Кейін Санжар бізбен тұруға келіспесе, өзімізге үй салып аламыз" дейді. Сол жағынан Айқынның маған азамат ретінде, ер адам ретінде уәдесінде тұратыны ұнайды. Балаларының болашағын уайымдайды. Әр адам өзінің үйі болғанын қалайды ғой. Біреулер жылдар бойы соған ақша жинайды. Ал Айқын балаларының өмірдегі алғашқы баспалдағын дайындап қойды. Ол "Балалар тірнектеп үй алғанша, ақшасын білімге, өздерін дамытуға, ел аралауға құртса екен" деп ойлайды", - деді Жұлдыз Өмірғали.