"Жұлдызға бәрі жарасады": Қайрат Нұртастың келіншегінің биі желіні жарды (видео)

0
7 394

"Жұлдыз енесінен аумай қалған ғой"


Инстаграм әлеуметтік желісінде zhuldyzabdukarimovaofficial мен @aisha_vee екеуінің билеген сәті оқырмандарының назарын аударды.

Әнші Бүркіттің жары Айша мен хитмен Қайраттың жары Жұлдыз екеуінің биі көпшіліктің ойынан шыққан секілді. Оқырмандары Айшаның бишілігіне тәнті болып, Жұлдызға да бәрі жарасымды екенін жарыса жазуда.


Оқырмандардың басым көпшілігі Айшаның 3 баласы болса да өте тамаша билейтінін, ал Жұлдыздың биязы екенін салыстыра пікір білдіруде. Десек те, "осылар неге құтыра береді" деген сыңайлы пікірлер де айтылып жатыр.

Әнші Бүркіт бұл видеоны "Әйелің бақытты болса бәрі де тамаша!" деген жазбамен өз парақшасына салған.