«Жүрегім жүз тілінді»: Роза Әлқожа қызын оқуға қабылдамаған Азамат Сатыбалдыға өкпесін айтты

0
1 944

«Аналық жүрегімді сыйламаған басшыларды Аллаға тапсырдым!»


«Жүрегім жүз тілінді»: Роза Әлқожа қызын оқуға қабылдамаған Азамат Сатыбалдыға өкпесін айтты

Қазақ эстрадасының белгілі әншісі Роза Әлқожаның екінші перзенті, үлкен қызы Ақбота Айдынқызы биыл Өнер академиясының колледжін қызыл дипломмен тәмамдады. Ары қарай Өнер академиясына тапсырмақшы болған студент оқуға қабылданбай тастаған көрінеді. Бұл туралы анасы Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында ашына жазды. Өнер иесінің айтуынша, академияның жаңа ректоры Азамат Сатыбалды әділетсіздік жасап отыр. Биыл бойы 1,65 см қыздарды қабылдап, кішірек бойлы студенттер оқуға түсе алмайды екен.


– Биыл бойы 1,65 см қыздарды қабылдайды екен.
“Буратиноны” ойнағаны, қызылмен бітіргені ештеңе шешпейді екен. Тым құрыса емтиханға кіріп құласа да ризасың ғой!
Ақылы бөлімге де мүмкіндік жоқ. (Ол да жылына млн теңге!)
Сонда деймін де кілең бойы ұзындарды жинап ап моделдерден подиум жасай ма екен?!
Сосын өз колледжі басқа емес (Жүргенов)!
Өз мұғалімдерін менсінбейтін не академия бұл?!
Сосын өзі комиссия ғып жіберген Дулыға Ақмолда басты рөлдегі Буратиноға неге бес қойды, неге мақтады?
Сосын Асанәлі ағаға неге мақұл деп алдады, осыны түсінбеймін!!!
Айман Қожабекққызы өтінсе де (ақылы бөлімге тым құрыса)алмайтын жас ректордың болашағы қалай болар екен???
Мейлі ғой. Алла қызымызға бақ берсін!
Сорбонна университетінің маңдайшасында:”Құдай бермегенді Сорбонна бермейді!” деген жазу бар екен.
Сондықтан, сонша иілген басымды көтеріп, аналық жүрегімді сыйламаған басшыларды Аллаға тапсырдым!
“Таза өтеді” дегенге сеніп, басқа жақты ойламаппыз да. Алдына бармағанымыз да содан.
Қолдау білдірген Қазақ ССР әртісі, Еңбек Ері, Әлем артисі, профессор Айман Мұсаходжаеваға, аңыз адам, нағыз ағам Асанәлі Әшімовке, ҚЖО төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделханға, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Ержан Алаштуғанға, арда азамат Мәди Манатбекке, Президент баспасөз хатшысы Ержан Байтілеске, тағы да басқа жанашырларға Алла риза болсын!
Аллаға тапсырдым!
Жүрегім жүз тілінсе де, қызыма сағың сынбасын дегім келеді!
Қазақтың Розасы болғанымды қайтейін?!
Рахмет, Азамат Сатыбалды!
Әркімнің өз шындығы бар! Әркім өзінше әділетті!
Өнерпазды өнер адамы сыйламаса, өмірде құрметті не қалды?!
- деп жазды Роза Әлқожа.