"Жүргізушіні ауыстыру керек": Тележоба жүргізген Мәдина Сәдуақасова жұртқа жақпай қалды

0
7 606

Оқырмандар оған жақсы әншісіз, бірақ жүргізе алмайсыз деп ренжіді.


Осы аптада Мәдина Сәдуақасова жүргізетін "Топжарған" бағдарламасы эфирге жол тартты. Біраз уақыттан бері әнші жаңа әлемдік форматтағы музыкалық шоудың түсірілімінен суреттер жүктеп жүретін еді. Кеше қалың көпшілікке көрсетілгеннен кейін, ол инстаграм желісіне видео жүктеп, "Көрдіңіздер ме?" деп жазды.

Бірақ жазбаны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Олардың бір бөлігі Мәдинаның шоу жүргізгеніне ренжіп, "Жақсы әншісіз, бірақ жүргізе алмайсыз!", "Жүргізуші неге орыс тілінде сөйлейді", "Жүргізушіні ауыстыру керек" деген сияқты пікірлер қалдырған.

Қалған бөлігі әншінің сұлулығымен бағдарлама көркі асып тұрғанын айтып, жаңа жобасына сәттілік тілеген.

Фото: sadvakasovamadina

ERNUR.KZ