Жыныстық қатынас еркекке ғана емес, әйелге де керек - Жұлдыз Өмірғали

0
6 052

Айқын Төлепбергенннің әйелі өзінен күйеу мен ене тақырыбында кеңес сұрайтындардың көп екенін айтты.


Жыныстық қатынас еркекке ғана емес, әйелге де керек - Жұлдыз Өмірғали

Әнші Айқын Төлепбергеннің екінші жары Жұлдыз Өмірғали қыз-келіншектерге отбасылық өмірге қатысты ақыл-кеңесін айтты. Бұл туралы Жұлдыз өзінің инстаграм парақшасында жазды.

Шоу-бизнес өкілінің айтуынша, күйеу мен ене тақырыбында өзінен кеңес сұрайтындар өте көп көрінеді. Сондай-ақ Жұлдыз өз сөзінде жыныстық қатынас туралы да сөз қозғаған. Ол ер адам ғана емес, әйел де жыныстық қатынастан ләззат алуы тиіс, ол үшін арнайы интим мамандардан кеңес алу керек дейді.

" Көп қыз келіншектер жекеме хат жазып жатады күйеумен, енемен қарым қатынас туралы жиі посттар шығарыңызшы деп... Көп қыздар бақытын, бағын күйеуіне байлап қойған. Алайда қыздар олай емес. Ең бірінші сол күйеуінің разылығын ойлайды, айтқанын шықпай тығылып жүреді. ­Ханымдар, арулар иә білемін күйеудің разылығын алу керек, бірақ күйеулеріңізден бұрын Алланың разылығын алуға асығыңыздар.Сіз қашан бірінші орынға Алланың разылығын қоясыз, сол сәттен бастап сізде бәрі оңынан болады. Ең бірінші Аллаға, кейн өзіне деген махаббаты ерекше жанның энергиясы толы болады. ­Негізі, дамыған заманда сіздерге кеңес берер едім психологиялық және интим сабақтар арнайы мамандардан бір рет алыңыздар деп. Осы орайда еліміздің жақсы мамандарымен сіздерді таныстырғым келіп отыр Как раз @aigerim_kamalova_ дипломдалған психологпен бірігіп марафон өткізбек. Жүрегі тыныштық тауып, қарыз, өкпе, уайммен мәңгі қош айтысып, интимді жаттығуларды меңгеріп от әйел болғысы келетін ханымдар осы марафонды кеңес беремін. Марафонның аты айтып тұрғандай барлық мұқтажтықдарыңыздың орнын толтырып марафоннан соң "Мұқтажсыз әйел" боласыздар.

Денсаулық, әсіресе әйелге тән денсаулық ол өзіңізге керек. ­Жыныстық қатынас тек еркекке ғана емес, сізге де керек. Төсек қатынасынан еркек ғана ләззәт алу керек, әйел оған тек ләззәт алатын құрал болуы керек деген ұғым жоқ. Әйелдің бақыты - ішкі байлығында. ­Егер сіздің денсаулығыңыз жақсы болып, уайым, реніш, қайғысыз, өзіңізді жақсы көріп күтіне білсеңіз күйеуіңіздің өзі - ақ сізді алақаныңызға салып күтеді. Отбасыңызда тыныштық пен махаббат орнасын десеңіз. Ең бірінші өзіңіздің жан дүниеңізді тыныштық пен махаббатқа толтырыңыз", - деп жазады Жұлдыз Өмірғали.

ERNUR.KZ.