​Әйелдердің белі неге ауырады -10 түрлі себеп

0
210 775


​Әйелдердің белі неге ауырады -10 түрлі себеп

Әйелдің ағзасы еркектерден өзгеше болатыны белгілі. Сол сияқты, әйелдердің бел ауруы да ағзалық ерекшеліктерге қарай әртүрлі болуы мүмкін.

Белдің ауруын тек омыртқа немесе сегізкөз, әрі кеткенде гинекологиялық себептермен ғана байланыстарсаңыз, қателелсесіз. Адам бойындағы белге жақындамайтын басқа да аурулар бел ауыруын тудыратынын дәрігерлер жиі айтады.

Алдымен ауырудың мінездемесіне тоқталып өткеніміз дұрыс.

Дәрегрлер неге «қалай ауырады, қай кезде ауырады?» деп тәптіштеп сұрайды алдына барғанда? Оның да маңызы бар. Себебі, ауырудың түрі көп. Соған қарай дәл диагноз қоюға болады.

  1. Кіші жамбас, сегізкөз бен құйымшақтың аши ауыруы;
  2. Созыла, ұзақ ауыру;
  3. Арқа мен белді құрсаулап қойғандай немесе ауырған үстіне ауыра түсу.

Осылай әртүрлі кейіпте ауыру белгісін сезіну арқылы оның басқа қандай мүшелердің дертімен байланысты екендігінен хабар береді.

Белдің ауыруы – ағзадағы дерттерге байланысты

Әйелдердің басым көпшілігінде бел сегізкөзден жоғары, арқаға қарай ауырады. Бұл тәжірибе көрсеткен мәлімет. Әсіресе, мына төмендегі аурулардың әсері белге беріледі.

1. Ағзаға артық салмақ түсу

Арқаны белмен қоса ашыта әрі бұрай ауыртатын болса, әсіресе ауыр затты көтергенде немесе ұзақ уақыт отырып жұмыс істегенде белді жаза алмай қалса, бұл ағзаға артық салмақтың түсіуінен. Яғни, ағза күткеннен артық күш түсудің салдарынан ауру белге беріледі.

Мұндайда жақсы массаж қабылдаса, тез көмектеседі.

2. Салқын тию

«Суықтау» деген сөз бізде кеңінен қолданылады. Бірақ суықтаудың да «суықтауы» бар.

Енді мынаған назар аударайық. Әйелдерде бел ауырыу көбіне жазда жиі байқалады. Мұның себебі – аз ғана самалдың өзі терлеп тұрған денедегі қантамырлардың тарылуына әкеп соғады. Нәтижесінде миоспазм – бұлшықеттің бірден жиырылып, арқаның тырысуы мен ауыруы пайда болады.

Бұл жағдай бара-бара қабынуға, оның соңы созылмалы ауруға ұласуы мүмкін.

3. Панкреатит

Ұйқы безінің қабынуы қашанда оң жақ қабырғаның асты ауыруымен білінеді. Кейде ауыру басқа дене мүшелеріне: кеуденің, арқаның немесе сегізкөздің оң жағына берілуі мүмкін.

Егер басқа жағдайлар болмағанда, белдің төменгі жағына қарай ауыруын дәрігерлер ұйқы безі қызметінің бұзылуымен байланыстырса, таңданбаңыз. Бұған қоса асқорытудың бұзылуы, іш қату мен диарея, диспепсия сияқты белгілер де байқалады.

4. Гинекологиялық аурулар

Әйелдің белі ауыруына себеп болар жайт көп. Оның едәуір бөлігі гинекологиялық себептерге байланысты. Оның ішінде де мына аурулар белді ауыртуы мүмкін:

  • Полипоз;
  • Аналық жұмыртқада еттің өсуі;
  • Өсіндінің апоплексиясы;
  • Репродуктивті жүйеде қабыну немесе ісік процесі болған жағдайда.

Гинекология ғылымы бел мен арқаның ауыру себептерін гормондық өзгерістер мен кіші жамбаста орналасқан мүшелердегі жайсыздықтар екендігін алға тартады. Мұндай себептердің тағы бір белгісі – бөліндінің өзгеріске ұшырауы, көңіл-күйдің бұзылуы және етеккір циклының өзгеруі.

5. Жүктілік

Жүктіліктің үшінші кезеңінде бел ауыра бастайтыны бала босанған көптеген әйелдерге таныс жағдай. Оны дәрігерлер құрсақтағы баланың салмағы өскенсайын кіші жамбастағы мүшелерге қысым түсіретіндігімен түсіндіреді.

Ал жүктіліктің ерте кезеңінен бастап бел ауырса, оның себебі не?

Егер жүкті әйелде жеріктік басым болып, сонымен қатар белі де қоса ауырса, демек құрсақтағы баланың дұрыс жетілмей жатқандығы. Бұл жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтату қаупіне әкеп соқтыруы мүмкін.

6. Эндометриоз

Етеккір циклының басталар кезі мен уақытында омыртқаның төменгі жағы ауырып, жайсыздықтар сезілсе, демек эндометриоз әсерінен. Ауыру белгісі әдетте созылмалы болады, әйелдер жамбас сүйегін біреу сындырып жатқандай әсер алады.

Мұны тек «етеккір әсерінен» деп жылы жауып қөоя салмай, ертерек дәрігерге көрініп емделу қажет.

7. Омыртқа аурулары

Әйелдің қимыл-тірек жүйесі де уақыт өткен сайын патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Егер бел тым қатты ауырса, оның себебі – омыртқаның төменгі бөлігіндегі остеохондроз және омыртқа жарығы болуы мүмкін. Олардың белгілері – бейне бір ток соққандай сезілетін соққымен берілетін ащы ауыру. Мұндай ауыру аяққа, іштің төменгі жағына және құйымшаққа да беріледі. Кейде науқасқа жүру қиын, өзін бейнебір құрсаулап тастағандай сезінеді.

8. Остеопороз

Сүйектің тым әлсіздігі, яғни, сынғыштығы әйелдерде әдетте менопауза кезінде байқалады. Артық күш түскеннен де омыртқа сүйектері жарылып, сынуы немесе пішінін өзгерте бастауы мүмкін. Мұндай өзгерістердің қай-қайсысында болмасын, бел мен арқа тұрақты түрде ауырады. Аяқтағы сезу нүктелері де қызметінен жаңыла бастайды. Ерекше жағдайда әйел өз бетінше қозғалудан қала бастайды.

9. Сүйектегі ісік және метастаз

Әйелдерде кеөзедесетін сегізкөздің төменгі жағына беретін ауыру (қимылды өзгерткенде ауыру тоқтап қалмайды немесе етеккір циклына қатысы жоқ) сүйектегі онкологиялық ауруға байласты болуы мүмкін. Сол сияқты, кіші жамбаста орналасқан мүшелердің метастазы болуы да ықтимал.

Әдетте, оның белгісі күш-қуаттың әлсіреуі, бас айналуы, құсу немесе субфебрилитет болады.

10. Жарақат алу

Егер әйелдің бел аурыуы құлау немесе ауыр жаттығулар жасау, басқа да жарақаттардан соң басталса, оның себебі бұлшықеттердегі микро-жарақаттар мен омыртқадағы жұмсақ ұлпалардың жарақат алуынан болуы мүмкін.

Әдетте жарақат алған жер ісініп немесе қызарып белгі береді. Мұндай жарақаттарды дәрігерсіз өзінше емдеуге мүлде болмайды.