Алкогольдің ең зиянсыз мөлшері қанша екендігі белгілі болды

0
3 176

Жүрек ауруларының Британдық қоры ғалымдарының зерттеуіне әлемнің 19 елінен 600 мың адам қатысқан. Нәтижесінде алкогольді өнімдердің денсаулыққа зиян келтірмейтін бір апталық ең жоғарғы мөлшері – 100 г таза құрамды спирт (яғни, күштілігі 4 пайыздық 2,5 л сыра немесе күштілігі 13 пайыздық 875 мл шарап құрамындағы спирт) болу керектігі анықталған.


Алкогольдің ең зиянсыз мөлшері қанша екендігі белгілі болды

ERNUR.KZ. Алкогольдің ад ағзасына ең зиянсыз мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды lenta.ru.

Жүрек ауруларының Британдық қоры ғалымдарының зерттеуіне әлемнің 19 елінен 600 мың адам қатысқан. Нәтижесінде алкогольді өнімдердің денсаулыққа зиян келтірмейтін бір апталық ең жоғарғы мөлшері – 100 г таза құрамды спирт (яғни, күштілігі 4 пайыздық 2,5 л сыра немесе күштілігі 13 пайыздық 875 мл шарап құрамындағы спирт) болу керектігі анықталған.

Бұл көрсеткіштен артқан жағдайда алкогольді ішімдіктер адам өмірін екі есеге қысқартатыны да дәлелденген. Аптасына құрамы 350 г таза спирт болатын ішімдік мөлшері адам өмірін 4-5 жылға қысқартатын көрінеді.

Сондай-ақ, мамандар жүрек ауруларының басым бөлігі спиртті ішімдіктердің артық мөлшерінен пайда болатынын да дәлелдеп шыққан. Осы жылдың сәуір айының басында Ұлыбританияның Эксетер университетінің бір топ ғалымдары қан қысымын өте жоғары көтеретін FGF21 генін тапты. Оның қант пен алкоголь өнімдерін артық қолданған жағдайда пайда болатыны белгілі болды.

Жүрек ауруларының Британдық қоры ғалымдары осы арқылы алкогольді ішімдіктердің ең аз мөлшерінің өзі инсульт пен жүрек талмасынан болатын өлім-жітімнің себебі бола алатынын айтады.