​Бетіңізге БӨРТПЕ шықса ҚАЙ АҒЗАНЫ емдеу керек?

0
38 684

БӨРТПЕНІҢ шығуына МЫНА аурулар себеп болады


​Бетіңізге БӨРТПЕ шықса ҚАЙ АҒЗАНЫ емдеу керек?

фото: 3koketki.ru

Тері – адамның айнасы. Оның саулығынан сыр шертетін қағаз десек болады. Ішкі ағзалардың жайын тері айтып бере алады. Теріге шыққан кез келген бөртпе инфекцияның немесе қандай да бір аурудың белгісі. Бөртпеге бей-жай қарауға болмайды. Егер бетке, денеге шығатын болса міндетті түрде дерматолог дәрігерге, ал егер жыныс мүшелеріне шықса, онда гинеколог немесе уролог дәрігерінің қабылдауына жазылыңыз.


Ішкі ағзалардың созылмалы аурулары тер және май бездерінің жұмысына кедергі келтіреді. Салдарынан улы заттар бөртпе болып теріге шығады.

фото: simptomer.ru

БӨРТПЕНІҢ шығуына МЫНА аурулар себеп болады:

  • асқазан-ішек жолы;
  • иммундық жүйе жұмысының нашарлауы;
  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі;
  • бауыр циррозы;
  • зат алмасу жүйесі;
  • қызыл жегінің ауруы;
  • жүрек қан-тамыр жолдары;
  • гормонды бұзылыстар (қант диабеті, қалқанша без аурулары).


Бетіңіздегі БӨРТПЕ қай АҒЗАНЫҢ ауыратынын АЙТАДЫ

  • Бетіңізде болса, ӨТ жолдарын;
  • Иекте болса, ЖЫНЫС жолдарын;
  • Құлақтың айналасында болса, ИММУНИТЕТТІҢ әлсіздігі мен СУЫҚ ТИЮДІ;
  • Ауыз қуысында болса, АСҚАЗАН-ІШЕК жолдарын;
  • Қабағыңыз ісінсе, БҮЙРЕГІҢІЗДІ;
  • Маңдайда және ерінде болса, ІШЕК жолдарын;
  • Кеңсірікте (мұрынның екі көз аралығындағы қыры) болса, БАУЫРДЫ;
  • Самайда болса, КӨКБАУЫРДЫ;
  • Мұрында болса, ЖҮРЕКТІ немесе ҚАЛҚАНША БЕЗДІ емдетіңіз.

фото: thejaysisters.com


БАУЫР ауруынан шыққан БӨРТПЕ қандай болады?


Бауыр сыр бере бастағанда, тері бөртіп, ағза улануды бастайды. Қандағы өт қышқылдарының көбеюіне септігін тигізеді. Салдарынан дене сарғаяды.

Холестаз (өт жолдарының бітелуі) кезінде бөртпе табан мен алақанға күйіктен қалған даққа ұқсап шығады. Цирроз кезінде бауырдың клеткасы өліп, денені жаппай дақ басады. Ал бауырға құрт түскенде теріде есекжемге ұқсас бөртпе пайда болады. Ол көбінесе белдің айналасында болады.


ІШЕК ауруынан шыққан БӨРТПЕ қандай болады?

Ішек жұмысын дұрыс жүргізе алмаса, улы заттар қан арқылы өтеді. Бұл кезде ағза улы заттармен өздігінен күресіп, сыртқа шығаруға әрекеттенеді. Улы заттар тері арқылы сыртқа шығады.

Осы кезде тері майланады, бетіңіздің түсі күңгірттенеді, бетіңізге, арқаңызға, ішіңіз бен көкірегіңізге безеу шығады. Аяқ-қолдарыңыздың терісі құрғап, солып қалады.


ҰЙҚЫ БЕЗІ ауруынан шыққан БӨРТПЕ қандай болады?

Ұйқы безі – сөл бөлу қызметін атқарады. Сондықтан да оның жұмысының жағдайы тері арқылы көрініс табады. Ұйқы безі ауырған кезде кіндіктің айналасы көгеріп бастайды. Ал тері мәрмәр тәрізді болып өзгереді. Бұл кезде бөртпе бүкіл денені жайлайды.


ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ауруынан шыққан БӨРТПЕ қандай болады?

Стресс, жүйкеге салмақ салу теріге бөртпе болып шығады. Мұны емдеу үшін иммунитетіңізді көтеріңіз. Иммундық жүйенің әлсіреуі – бөртпенің, есекжемнің, безеудің шығуына себеп болады. Мұны уақытында емдемесеңіз, соңы жүйке экземасына алып келеді. Оның аллергиялық бөртпеден айырмашылығы:

  • қатты қышиды;
  • гистаминге қарсы дәрі көмектеспейді;
  • тамырдың соғуы жиіленеді;
  • қол дірілдейді;
  • ұйқысыздық мазалайды;
  • терлейсіз;
  • күйгелектенесіз, абыржулы, алаңдаулы күй кешесіз;
  • бетіңіз бен аяғыңыз ісінеді.

фото: yutnayavanna.ru

Бұл жайсыздыққа крем мен дәрі ем бола алмайды. Ең алдымен өмір сүру дағдыңызды өзгертіңіз. Жүйкені тынықтырып, көбірек демалыңыз.



Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ИММУНИТЕТТІ бір күнде КӨТЕРУГЕ болады

ҰЙҚЫ БЕЗІ ауруын МЫНА ТӨРТ әдіс ЕМДЕЙДІ