​БОЙЫҢЫЗДЫ билеген ӘЛСІЗДІКТІҢ себебін біліңіз

0
6 670

Әлсіздік – қауіпті аурудың бір белгісі.


​БОЙЫҢЫЗДЫ билеген ӘЛСІЗДІКТІҢ себебін біліңіз

фото: ddick.ru

Адам өз-өзінен әлсіремейді. Қандай да бір ауру мазалағанда адамның күш-қуаты болмай, өзін жайсыз сезінеді. Көбінесе бас айналу, алаңдаушылық, ұйқышылдық, бас немесе бұлшықет ауруы сияқты белгілермен бірге жүреді. Кейде күні бойы тынбай жұмыс істеген кезде де адам талықсиды. Сол кезде бойыңызды әлсіздік билеп, ештемеге зауқыңыз соқпайды. Бірақ 2-3 сағат тынығып алсаңыз, бәрі қалпына келеді. Ал егер еш себепсіз мазалаған әлсіздік үшін айтарлықтай алаңдасаңыз болады. Өйткені бұл қауіпті дерттің белгісі болуы мүмкін.


Әлсіздіктің себептері

  • Авитаминоз

Әлсіздік көбінесе В12 дәруменінің жетіспеушілігінен туындайды. Ал бұл дәрумен жетіспеген жағдайда адам анемия болады. Оған қоса, D дәруменінің аздығы да адамды әлсіретеді. Бұл дәруменді күн сәулесінен аласыз. сондықтан таза ауада жиі серуендей керек. Ал қыс-күз айларында D дәруменін қабылдауға кеңес береміз;

  • Депрессия

Қалқанша безінің ауруы. Егер қалқанша безінің жұмысы шамадан тыс белсенді (гипертиреоз) немесе баяу (гипотиреоз) болса, адам әлсірейді. Мәселен, гипотиреоз кезінде адамның аяқ-қолы әлсіз болады. Ал гипертиреоз кезінде жалпы денеде әлсіздік байқалады. Оған қоса, жүйке жүйесі, жүрек соғуы, тәбеттің нашарлауы, салмақ жоғалту көрініс береді;

  • Созылмалы шаршау

Ішектің глютенді сіңіре алмауы. Егер нан, кондитерлік тағамдар, макарон өнімдері, пицца және т.б. ұннан жасалған өнімдерді тұтынған кезде ас қорыту жүйесінде бұзылыстар орын алады. Мәселен, метеоризм немесе диарея дамуы мүмкін. Осы кезде ағза оған қарсы күресе алмай, созылмалы шаршау байқалады. Салдарынан бойыңызды әлсіздік билейді;

  • Қант диабеті;
  • Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары;
  • Онкологиялық аурулар. Бұл жағдайда әлсіздік әдетте шала қызулы температурамен бірге жүреді;
  • Ағзада сұйықтықтың болмауы

фото: sunhome.ru

Әлсіздік көбінесе жазда ыстық ауа райында, дене суды көп жоғалтқанда пайда болады. Біз қайсы мезгіл болса да су ішу тәртібін өзгертпеуіміз керек. Үнемі салмағымызға қарай су ішуді әдетке айналдырып отыруға тиіспіз. судың жеткіліксіздігі тек ағзаны әлсіретіп қана қоймайды, онымен қоса, түрлі аурудың белең алуына ықпал етеді;

Кейбір дәрілерді (гистаминге, депрессияға қарсы) көп қабылдау;

Сондай-ақ, жарақат алып, көп қан жоғалтқанда, бас миы зақымданғанда, етеккір шамадан көп келгенде, ағзаның уланғанда адам әлсірейді.

Әлсіздік және бас айналу

Адам әлсірей бастағанда басы айналады. Оған қоса:

  • анемия;
  • ми қан айналымының бұзылуы;
  • қан қысымының күрт көтерілуі немесе төмендеуі;
  • онкологиялық аурулар;
  • стресс;
  • әйелдерде етеккір немесе климакс кезінде басы айналады.

Әлсіздік және ұйқышылдық

Сіз таңертең ұйқыдан қиналып тұрасыз ба әлде сергек оянасыз ба? Бұл да адамның күні бойы қалжырап, әлсіреп жүруіне септігін тигізеді. Күні бойы белсенді болу үшін сізге күш керек. Бірақ оны қайдан аласыз? Ендеше, мына кеңеске назар аударыңыз:

  • Оттегінің жетіспеушілігі ұйқының қанбауына ықпал етеді. Өйткені қаланың атмосферасында оттегі нашар. Қалада тұрақты болу әлсіздік пен ұйқышылдықтың дамуына ықпал етеді. Ол үшін сіз ауылға көшіп кетпейсіз ғой. Сондықтан ағаштары мол саябаққа жиі барыңыз;
  • Ауа-райының өзгеруі де кейбір сезімтал адамдарға кері әсер етеді. Олардың ағзасының жағдайы ауа райына тәуелді болып қалған. Салдарынан бойын әлсіздік пен ұйқышылдық жеңеді;
  • Дұрыс тамақтанбау, гормоналды бұзылулар, алкогольді артығымен ішу де адамды әлсіретеді.

фото: profit-success.ru

Әлсіздікті жеңу үшін не істеу керек?

Егер әлсіздік қандай да бір мазасыз белгілермен бірге жүрмесе, келесі ұсыныстарды орындау арқылы жағдайыңызды жақсарта аласыз:

  • міндетті түрле тәулігіне 6-8 сағат ұйықтаңыз. Күнделікті тәртіпті (бір уақытта ұйықтау және тұру) сақтаңыз;
  • ешқашан қобалжымаңыз, стресстен арылыңыз;
  • жаттығу жасаңыз, денеңізді шынықтырыңыз. Өзіңізге ыңғайлы уақытта ұнаған жаттығу жасаңыз, билеңіз, қимылдаңыз;
  • таза ауада көбірек серуендеңіз;
  • құрамы дәруменге, минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз. Жемісті, көкөністі үзбеңіз. Артық салмақтан арылуға тырысыңыз;
  • суды жеткілікті мөлшерде ішуді ұмытпаңыз;
  • темекіні тастаңыз және алкогольді тұтынуды шектеңіз.


Қай кезде дәрігерге бару керек?

Егер осы кеңестерді орындасаңыз да әлсіздіктен арылмасаңыз, ешқандай дерт мазаламаса да әлсіреп жүрсеңіз, әлсіздік бірнеше күннен, екі аптаға созылса, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

Ал егер әлсіздік:

  • ентігумен, жөтелмен, қызумен, қалтырау, қызбамен қатар жүрсе;
  • асқазан бұзылса;
  • күрт салмақ жоғалтса;
  • көңіл-күй өзгеріп, апатия, депрессия болса, дереу қауіптің алдын алыңыз.


Әлсіздікті жеңу үшін қандай дәрігерге хабарласу керек?

Егер негізгі шағым әлсіздік болса, онда жалпы тәжірибелік дәрігерге (отбасылық дәрігер) барған дұрыс.

Егер әлсіздік асқазан ауруының салдарынан болса, гастроэнтерологпен кеңесуге болады.

Егер әлсіздік жүрек аймағында ауырсынумен бірге жүрсе, кардиологпен кеңесу керек.

Одан бөлек, гематолог, онколог, невропатолог, эндокринолог, психотерапевт сынды дәрігердің де кеңесін алу артық болмайды.


Дереккөз: fdoctor.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керек?


АНЕМИЯ қаншалықты ҚАУІПТІ?


ТҰМАУДАН тез ЖАЗЫЛУДЫҢ жолы қандай?