Дене еңбегінің ер адамдарға зиянды екендігі анықталды

0
3 015

Зерттеушілер жаттығу спортпен бос уақытында айналысатындарға ғана пайдалы екенін анықтады.


Дене еңбегінің ер адамдарға зиянды екендігі анықталды

ERNUR.KZ. Ғалымдар жұмыстағы физикалық белсенділік деңгейі мен ерте өлім-жітім арасындағы байланысты анықтады, деп жазады Sputnik British Journal of Sports Medicine басылымына сілтеме жасап.

Зерттеушілер жаттығу спортпен бос уақытында айналысатындарға ғана пайдалы екенін анықтады. Жұмыстағы жүйелі физикалық белсенділік, керісінше, ер адамдардың ерте қайтыс болуы тәуекелін арттыратын көрінеді.

Мамандардың халықаралық тобы кәсіби физикалық белсенділік пен өлім-жітім деңгейі арасындағы байланысқа арналған 2,4 мыңнан астам ғылыми жұмысты зерттей келе, метаталдау жасады. Зерттеу 1960-2010 жылдары жүргізілген, оған екі мыңға тарта адам қатысыпты.

Тұрақты физикалық күшті қажет ететін жұмыс ер адамдардың ерте қайтыс болу тәуекелін 18 процентке арттыратыны белгілі болды. Бір қызығы, жұмыста тұрақты түрде спортпен айналысу әйелдерге пайдалы болып шыққан.

Ғалымдар спортпен бос уақытта айналысудың пайдасы жайлы алғаш рет айтып отырған жоқ. Бұған дейін Бирмингем университеті мен Лондон Королдік колледжінің зерттеушілері тұрақты веложаттығу қартаюды тежеуге көмектесетінін анықтады.