​Көзіңіздегі ӨЗГЕРІС қандай ДЕРТТЕН дерек береді?

0
8 062

Бастысы, мұқият зер салсаңыз болғаны...


​Көзіңіздегі ӨЗГЕРІС қандай ДЕРТТЕН дерек береді?

фото: yandex.ua

Көз – көру қызметін атқарады. Егер оған мұқият зер салсаңыз, жүрек түкпіріндегі сырды ашады. Сонымен қатар, саулығыңыз туралы да сөйлеуге қабілетті келеді. Көзіңіз диабет дертінің ден бергенін, холестерин деңгейінің көбейгенін және де дәрумен жеткіліксіздігін де айтады. Сонымен ағзаңыздың жайымен танысып, оның саулығын білгіңіз келе ме, онда айнаға жақын отырыңыз. Мұқият көзіңізге назар аударыңыз. Егер КӨЗІҢІЗ...


ҚҰРҒАСА...

Кейде жылағыңыз келсе де көзіңізге жас келмейтін кездер болады. Бұл А дәруменінің жеткіліксіздігінен хабар береді. Мұны болдырмау үшін кез келген дәріхана сөресінен табылатын жанарыңызды жақсартатын тамшыны сатып алыңыз. Күніне 3 рет тамызу арқылы көздің құрғауына нүкте қоясыз. Ал ағзаны А дәруменімен байыту үшін сәбіз салатын көбірек жеңіз. Осы екі әдіс көзіңіздегі мәселені аз күнде шешіп береді.

фото: mirpoleznuxsovetov.mirtesen.ru

ЖАСАУРАЙ БЕРСЕ...

Егер сіздің көзіңіз үнемі жасаурап жүрсе, онда көз жасы өзекшесі (слезный канал) өз жұмысын тоқтатқанын білдіреді. Ол неге жұмысын тоқтатады? деген сұрақтың тууы заңды. Көз жасының өзекшесі миға ота жасату керек болғанда, ісік пайда болғанда және инфекциялық ауру мазалағанда өз жұмысын тоқтатады. Салдарынан көз үнемі жасаурап жүреді. Бұл кезде жедел түрде көз дәрігеріне тексерілу керек.


ҚЫЗАРСА...

Байқасаңыз, кейбір адамдардың көзінің ағы қызарып жүреді. Оған қан қысымының өзгеруі, шаршау, компьютер себеп деп ойлаймыз. Алайда бұлар көздің қызаруына себепші емес екен. Керісінше, инфекциялық аурудың белең алып жатқанын білдіретін көрінеді. Сонымен қатар жұқа қабыққа дақ түседі. Ал бұл дертке көбінесе линза киетіндер мен тазалықты сақтамайтындар шалдығады екен.


ТАРТСА...

«Қай көзім тартты? Оң ба, сол ма?» деп жанымыздағылардың мазасын алатынымыз жасырын емес. Оң болса жақсылықтың, сол болса қауіптің нышаны екенін де біліп отырамыз. Алайда бұл дұрыс жорамал емес екен. Мамандар көздің тартуын стресстен деп айтады. Егер адам стресс алса, онда көзі тынымсыз тартатын көрінеді. Тым қатты мазаңызды алмаса, дәрігерге барып уақыт шығындаудың қажеті жоқ. Аталған жайсыздықты басу үшін тыныштандыратын дәрі ішіп, тынығып алсаңыз болғаны. Осы әдіс – ең дұрыс шешім болып табылады.


КӨРУ қабілеті нашарласа...

фото: neurologyadvisor.com

Диабет ауруынан дерек береді. Бірден көзіңіздің көруі нашарласа немесе көрмей қалсаңыз, дереу дәрігерге тексеріліңіз. Мұның алдын алмасаңыз, өкініп қалуыңыз ғажап емес.


ҚАРАШЫҚТЫҢ айналасындағы ақ шеңбер

Бұл да жайдан-жай пайда болмайды. Ақ шеңбер ағзадағы холестерин деңгейінің тым жоғарылап кеткенін айғақтайды. Мұның ең бірінші шешімі – дәрігердің тексерілуінен өту екенін ескеріңіз.


ТОР ҚАБЫҒЫНЫҢ ҚАБАТТАЛУЫ

Бұл да жақсылықтың белгісі емес. Егер көзіңіздің алдында геометриялық майда пішіндер пайда болса, онда көздің ішкі тор қабығының қабатталуынан белгі береді. Тез арада окулист дәрігердің қабылдауына жазылуға кеңес береміз.

фото: indiatimes.com

САРҒАЙСА...

Көзіңіздің ағы қандағы билирубиннің әсерінен сарғаяды. Бұл бауыр қызметіндегі өзгерісті аңғартады. Әсіресе, үлкендердің көзінен осындай өзгерісті байқасаңыз ол гепатиттің немесе бауыр жеткіліксіздігін білдіреді.


Міне, осындай жайсыздықтар үшін алдымен ОКУЛИСТ-дәрігеріне қаралғаныңыз жөн. Ал ол сіздің жанарыңызды мұқият тексеріп, қажетті дәрігерлерге нұсқайды. Қажет болса, арнайы ем-шараларын жүргізіп, дертіңізге дауа табады.


Дереккөз: rsute.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл ӨКПЕ ауруының БЕЛГІЛЕРІ


Ауыздағы ЖАҒЫМСЫЗ иіс МАЙ шайнасаңыз кетеді


Мына АЛТЫ дәрумен ИММУНИТЕТТІ көтереді