Қуатыңызды арттырғыңыз келе ме?

0
3 180

​Өзімізді шаршаңқы сезінгенде немесе компьютер алдында қауырт жұмыс атқарарда көбіміз бір шыныаяқ кофе ішеміз. Иә, кофеин аз уақытқа болса да күш береді. Алайда күш-қуатымызды арттыру үшін тек кофемен шектелмеуіміз керек. Көңіл-күйді көтеріп, шаршағанды басатын шипалы азық-түліктерге назар аударыңыз.


Қуатыңызды арттырғыңыз келе ме?

Өзімізді шаршаңқы сезінгенде немесе компьютер алдында қауырт жұмыс атқарарда көбіміз бір шыныаяқ кофе ішеміз. Иә, кофеин аз уақытқа болса да күш береді. Алайда күш-қуатымызды арттыру үшін тек кофемен шектелмеуіміз керек. Көңіл-күйді көтеріп, шаршағанды басатын шипалы азық-түліктерге назар аударыңыз.

Атап өтсек, бадам майға, ақуызға, көмірсутекке бай. Онда Е дәрумені, В тобының дәрумендері, сондай-ақ, мырыш, мыс, темір, марганец бар. Миндаль жаңғағы – ми, жүйке жасушалары мен сүйектердің қызметі үшін қажетті бағалы қорек.

Қара шоколадта қуат көп. Жүйкеге оң әсерін тигізіп, өзімізді жақсы сезінуге себепші болады.

Анардың құрамында кальций, магний, калий, марганец, кобальт, А, В, С, Е, Р дәрумендері жетерлік. Тәбетіңізді ашып, күш-қуатыңызды арттырып, түрлі инфекцияға қарсы төтеп беруге көмектеседі. Күніне 1 стакан анар шырынын немесе жарты анар жесеңіз жетеді.

Қызыл бұрыштың холестерин түсіруші, асқазан қышқылдарын реттеуші және микроп өлтіруші екенін де біле жүріңіздер. Ол ас қорыту жүйесінің досы. Асқазан жалқаулығын жояды және тәбетті ашады. Жұмысқа деген құмарлықты оятады.

Көпшілігіміз тоя тамақ жесек күшіміз артады деп ойлаймыз. Осындайда кейде керісінше, жалқаулығымызды оятып аламыз. Жоғарыда біз тоқталып өткен кеңестерге құлақ ассаңыз, денсаулыққа пайдалы әрі күш-қуатыңызды еселеп алған болар едіңіз.

ERNUR.KZ

Дереккөз: massaget.kz