​Медициналық диагностика жайлы көпшілік сенетін 5 ӨТІРІК

0
3 757

Мамандар ағзадағы бүкіл ауруды бір аппараттың көмегімен немесе бір-ақ күнде білу мүмкін емес дейді.


​Медициналық диагностика жайлы көпшілік сенетін 5 ӨТІРІК

Жарнаманың да жөні бар. Бірақ кейібір жарнамалар шындыққа жанаспайды. Осындай кезде медициналық диагностикаға да сенбей қалатын сәттер аз емес.

Бүгін біз диагностика жайлы 5 өтіріктің бетін ашпақпыз. Бәлкім сіз де осындай өтіріктерге сеніп жүрген боларсыз.


1. Ағзаңыздағы барлық ауруды анықтаймыз

Осындай сарындағы жарнамаға екінің бірі кезігеді. Тіпті, жол бойында кетіп бара жатсаңыз, жарнамасы бар бір жапырақ қағазды қолыңызға талай ұстатып та жіберген болар. Бір өкініштісі, көп адамдар бұған сенім артып барады екен. Алайда мамандар ағзадағы бүкіл ауруды бір аппараттың көмегімен немесе бір-ақ күнде білу мүмкін емес дейді.

Мәселен, ішкі ағзалардың анатомиялық параметрлерін білу - рентген сәулесі, компьютерлік томография, ангиография, флюорография, ультра дыбыстық зерттеу (УДЗ), эндоскопия арқылы жүзеге асады. Бірақ бұл аппараттар ағзаның молекулалық және талшықтық жұмыстарының бұзылған-бұзылмағанын айта алмайды. Бұны білу үшін сізге биохимиялық қан талдамасын жасату керек болады. Сонымен қатар, сілекей, қақырық, (ауыз қуысынан, несеп жолынан) жағынды алу сияқты көптеген анализдер тапсырасыз. Содан кейін ғана толықтай өізңіздің денсаулығыңыз жайлы мәліметке қол жеткізесіз.



2. Шашына қарап-ақ диагноз қоюға болады

Расында да шаш арқылы денсаулыққа қатысты көптеген мәлімет алуға болады. Ол үшін жекеменшік медициналық клиникаға барып, қымбат тұратын анализ тапсырудың қажеті жоқ. Білімді дәрігер науқастың шашының құрылысына қарап-ақ денсаулығы жайлы айта алады екен. Алайда бұл жай ғана денсаулығыңыз жайлы жалпылама берілген диагноз болуы мүмкін. Оның анық-қанығын тұтастай шаш арқылы анализ тапсырып біле саламын деу бос әңгіме. Қарапайым қан талдамасы шаш анализіне қарағанда адамның денсаулығына қатысты көп нәрсені айта алады дейді дәрігерлер.


3. Иридодиагностика – бейдәстүр медициналық тәсіл. Бұл тәсілді қолданатындар көздің нұрлы қабықшасындағы өзгерістер арқылы адамның бойындағы ауруларды анықтауға болады дейді. Дегенмен ғалымдар зерттеуі мұның барлығын теріске шығарып отыр. Мұндай қорытындыны ғалымдар жайдан-жай айта салған жоқ. Ең мықты заманауи құрылғы арқылы көздің айналасындағы нұрлы қабығын зерттеп, оның өмір бойы өзгермейтініне көз жеткізген.


4. Қартайған шақтағы ақыл-естің кемуін миға анализ жасау арқылы білуге болады

Бұл да шындыққа жанаспайтын диагностикалық мифтердің бірі. Миды компьютерлік томографияға немесе магнитті резонанстық томографияға түсіріп, ондағы барлық бұзылысты анықтау мүмкін емес. Деменцияның анық-қанығын білу үшін дәрігерлер жалпы биозимиялық қан талдамасын жасатуы мүмкін. Ал американдық неврологиялық академиясы мұндай жағдайда мынадай анализдерді тапсыруға кеңес береді:

  • Жалпы қан талдамасы;
  • Қандағы глюкоза мөлшерін анықтау;
  • Қалқанша безі гормондарына тест жасату;
  • В12 тобындағы дәруменнің шоғырлануына;
  • Бауырға сынама жасату.


5. Анализдерді тапсыру қымбат болған сайын, оның сапасы жоғарылайды

Осындай мифтерге сенетіндер жетерлік. Бірақ та талдама жасату үшін қойылған бағалардың тым қамбат не арзан болуы оның сапасын анықтамайды.Бағаның қымбат болуы неактивтер мен аппараттарға байланысты. Барлық зерттеулер бір-бірін толықтыратынын ұмытпау керек. Әрбір талдаманың өзіндік анықтамалары бар. Баға – сапаны білдіреді деген нақты тәуелділік жоқ. Кей жағдайларда қарапайым қан талдамасының өзі өте бағалы аппараттармен жасалған анализден де жақсы нәтиже көрсетуі ғажап емес дейді дәрігерлер.

Дереккөз: "Здоровье" журналы

Аударған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тұмау кезінде антибиотик көмектеспейді


ІШЕКТІҢ саулығын жақсартсаңыз бүкіл АҒЗАНЫҢ жұмысы реттеледі – дәрігер