​Мына АЛТЫ әдіс ӨМІРІҢІЗДІ ұзартады

0
7 462

Бар-жоғы 7 минутыңызды арнайсыз. Осы 7 минут 7 жылға жасыңызды ұзартатынына сеніңіз.


​Мына АЛТЫ әдіс ӨМІРІҢІЗДІ ұзартады

Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруі 25-30 пайыз генге байланысты дейді. Ал медицина мамандары адамның саулығы әрі ұзақ өмір сүруі жаман әдеттерден аулақ болып, дұрыс тамақтана білуінде деп пайымдайды. Әрине, адамның ағзасында кінәрат пайда болса, міндетті түрде саулығыңызды нашарлатады. Денсаулықты жақсарту үшін түрлі химиялық дәрілерді ішіп, ағзаны улайтынымыз жасырын емес. Сонымен бір рет ауырып, ем алсаңыз жасыңызды 6-7 айға қысқартады екенсіз. Демек, қандай да бір ағзаның саулығын сақтау үшін дәріден бұрын, салауатты өмір сүру салтын ұстанғаныңыз жөн болады.

Жалпы, адамның өмірін жаратушымыз өлшеп береді. Бірақ дұрыс тамақтану арқылы тәніміз бен жанымыздың жасын ұзарта аламыз. Ендеше, ұзақ әрі сау өмір сүру үшін мына әдісті қолданыңыз.


Таңғы асқа БОТҚА дайындаңыз

Біздің ағзамыз ақуызды қажетті деңгейде алған сайын жасарады екен. Өзіне міндеттелген жұмысты ойдағыдай атқара алады. Ақуыз ағзаға өте баяу сіңген сайын адамның өмірі ұзара береді екен. Сондықтан да құрамы темір бен ақуызға бай тағамдарды үзбей жеу керек. Күнделікті ас мәзіріңізден фасоль, сұлы, ірімшік, саңырауқұлақ пен кептірілген жемісті үзбеңіз. Бұл тағамдар ағзаны ақуызбен, темірмен қамтиды. Сондай-ақ, гемоглобинді көтереді. Ағза бір күндік қажетті ақуызды алу үшін таңғы асқа міндетті түрде сұлы ботқасын жеңіз.



Миға ЖАТТЫҒУ жасаңыз

Ұзақ өмір сүру үшін мидың саулығы жақсы болу керек. Жыл өткен сайын мидағы нейрон нашарлай береді де, салдарынан адамның есте сақтау қабілеті төмендейді әрі іс-әрекет жасау құлшынысы жоғалады. Бұл жайсыздыққа жол бермеу үшін миға жиі жаттығу жасап тұру керек. Миды жаттықтыру үшін логикалық тапсырмаларды орындайсыз, бас қатыратын есептерді шығарасыз, кроссворд шешіңіз, шет тілдерін оқыңыз, өлең жаттаңыз. Бұлардың бәрі миды жұмыс істетеді әрі шынықтырады. Мидың белсенділігі өмір сүруді жақсартады әрі естен айырылуға жол бермейді.


Сүйікті ТАҒАМЫҢЫЗДЫ жеңіз

Дәрігерлер ағзаның жастығын сақтауға гиалурон қышқылы керемет көмектеседі дейді. Ол адамның клеткаларын жасартатын көрінеді. Әсіресе, әйелдер ағзасына бұл зат өте қажет. Ол эстроген гормонының жұмысына жауапты екен. Уақыт өте келе эстрогеннің деңгейі төмендейді де адам қартая бастайды. Бірақ ағзаға гиалурон қышқылы керек екен деп косметикалық екпе салдырудың қажеті жоқ. Бар болғаны құрамы аталған қышқылға бай тағамдарды жеуге әдеттеніңіз. Мәселен, сояның, күріштің, алманың, анар мен сәбіздің құрамы эстроген өсімдігіне өте бай екенін ескеріңіз.


Салқын бөлмеде ҰЙЫҚТАҢЫЗ

Ұйықтайтын бөлменің температурасы ұйқының тыныш болуына ғана емес, ұзақ өмір сүруге де септігін тигізеді. Ғалымдар ұйықтайтын бөлменің мейлінше салқын болғаны дұрыс деген пікір білдіреді.

Сонымен қатар, ешқашан тым ыстық ванна қабылдамаңыз. Бұл сіздің саулығыңызға өте зиян екенін біліңіз. Қысы-жазы ем тиімді әрі пайдалы температура 17-18 градус екен. Жұмыстан келген соң жылы суға жуынып алыңыз. Ұйқыға жатардан 10-15 минут алдын бөлмені желдетіңіз. Бұл сіздің саулығыңыз үшін өте қажет әрі пайдалы.


Жеті минут СПОРТПЕН айналысыңыз

Күнде бір уақытта бірнеше минутыңызды спортқа арнаңыз. Спорттың өмір сүру кепілі екенін бәріміз де білеміз. Демек, күнделікті шыныққан дене сіздің өміріңізді 20 жылға ұзартады әрі саулығыңызды жақсартады. Денеңізді дендеген дерттен 40 пайызға арылтады. Саулығыңызды жақсартып, ағзаңызды жасарту үшін қиын жаттығулар жасап, бірнеше шақырым жүгірудің қажеті жоқ. Бар-жоғы 7 минут отырып-тұрсаңыз, оңға-солға қисайсаңыз немесе йогамен айналыссаңыз жетіп жатыр. Оған да мүмкіндік болмаса, 7 минут жаяу жүріңіз. Осы 7 минут 7 жылға жасыңызды ұзартатынына сеніңіз.


ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫ серік етпеңіз

Генетиктер адам ұзақ әрі саулығы мықты болып өмір сүру үшін отбасын құрып, балалы болу керек дейді. Бала сүйгеннің, немере иіскегеннің өзі өміріңізді ұзартатыны дәлелденген дүние. Әлем зерттеушілері жалғыз өмір сүргендердің, жалғыздықты жаны қалайтындардың өмірі 20 жылға қысқарады дегенді де жоққа шығармайды. Сондықтан да бойыңызды билеген менмендікпен, жаныңызға тыныштық сыйлаған жалғыздықпен қоштасыңыз.


Иә, қанша өмір сүруіміз бір Аллаға аян. Десе де, жаратушы сізге өлшеп өмір береді. Бірақ тәнімізді, ағзамызды, жанымызды жас күйінде сақтау өзіміздің қолымызда екенін ұмытпайық. Осы 6 әдісті қолдану арқылы, саулығымызды жақсартып, жасаратынымызға сенім білдірейік!


Суреттер интернеттен алынды.


Дереккөз: spb.aif.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Кімге медициналық тексерілуден өту керек?


МУМИЕ шаштың ТҮСУІН тоқтатады


ПИЯЗ бен СУ – ішекті ҚҰРТТАН тазалайды