​Мына БЕЛГІЛЕР байқалғанда ЭНДОКРИНОЛОГ дәрігерге қаралыңыз

0
5 324

Дәрігерді қажет ететін 6 себеп


​Мына БЕЛГІЛЕР байқалғанда ЭНДОКРИНОЛОГ дәрігерге қаралыңыз

фото: napozitiv.ru

Бұл белгілерге мән бермеуіңіз мүмкін. Тіпті себебін басқа аурудың айналасынан іздейсіз. Алайда бұл 6 белгі эндокринді бездердің дұрыс жұмыс істемей жатқанын білдіреді. Жалпы, ЭНДОКРИНОЛОГ қандай ауруларды тексереді:


  • қалқанша безді;
  • остеопорозды;
  • себепсіз семіздікті;
  • жыныстық әрекетсіздікті;
  • бүйрек үсті безінің қалыпты қызметін;
  • өсу гормонының артық немесе жетіспеушілігін;
  • қант диабеті ауруын тексеріп, диагноз қоятын маман.

Десе де, бұл дерт қалай білінеді? Сізге тап осы дәрігер қажет екенін қайдан білеміз? Ол үшін мына 6 себепке назар аударыңыз.

фото: www.pinterest.ru

1-белгі: АРТЫҚ САЛМАҚ

Бұл бірінші кезекте қалқанша безбен байланысты болады. Ағзадағы зат алмасуды реттейтін гормонның жұмысы нашарлайды. Салдарынан еш себепсіз семіруге алып келеді.

Көпжылауықты аналық безі де артық салмақты арттыруға себеп болады. Бұл кезде май көкірек, қарын, сан мен жамбасқа жиналады.


2-белгі: САЛМАҚ ЖОҒАЛТУ

Қалқанша безінің гормондарының өнуі мен айналымы жоғарылаған кезде адам салмақ жоғалтады. Оған жегені жұқпай, керісінше ашқарақ бола бастайды.

Қант диабеті де адамның салмағын жоғалтуға септігін тигізетін дерт. Егер ұйқы безі инсулинді қажетінше бөле алмаса, қант диабеті ауруы пайда болады.

Бүйрек үсті безінің жетімсіздігі де эндокриноглог дәрігерге тексерілуді талап етеді. Минерокортикоидтар мен глюкокортикоидтардың өндірісі немесе секрециясы төмендеген жағдайда бүйрек үсті безінің жұмысы нашарлайды.


3-белгі: ҮНЕМІ ШАРШАУ мен АШУЛАНШАҚТЫҚ

фото: m.123ru.net

Көңіл-күйдің бірден нашарлауы, шаршау, демалыстың болмауы – стрестен болуы мүмкін. ал егер бұл ұзаққа созылатын болса немесе қанша демалсаңыз да өзіңіздегі мазасыздыққа нүсте қоя алмасаңыз онда уақыт оздырмай эндокринолог дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Аурудың алдын алмасаңыз, соңы ұйқысыздық ауруына алып келеді.


4-белгі: ЖЫНЫСТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Ерлердің де, әйелдердің де жыныстық әрекетсіздігі қалқанша безі және қант диабеті ауруларының пайда болуынан дерек береді. Дереу эндокриндік ауруларды емдетпесеңіз, соңы жақсылыққа жетелемейді.


5-белгі: ФИЗИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС

Өспей қалу немесе тым баяу өсу гипофиз гормонының жеткіліксіздігін айшықтайды. Ал беттегі өзгеріс қант диабеті дертінен дерек береді.


6-белгі: ШАШТАҒЫ ӨЗГЕРІС

Шаштың қалыпты өсу-өспеуі де эндокриндік жүйеге тікелей байланысты. Айталық, әйелдердің маңдайындағы шашы түсіп бастаса, еркек жыныстық гормондарының деңгейі жоғарылап жатқанын айқындайды.


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көзіңіздегі ӨЗГЕРІС қандай ДЕРТТЕН дерек береді?


Балық майы: КІМ және ҚАШАН қабылдау керек?