ВИРУС ЖҰҚТЫРМАУДЫҢ басты АМАЛЫ

0
4 036

Диетологтар иммунитеттің жоғары болуына А, С, Д, Е, В2, В6 дәрумендері септігін тигізеді дейді.


ВИРУС ЖҰҚТЫРМАУДЫҢ басты АМАЛЫ

Дәрігерлердің айтуынша кез-келген вирус көбіне иммунитеті төмен адамдарға жұғады. Ал, иммунитетіңіз жоғары болса, бүкіл ағзаңыздың жұмысы қалыпты жұмыс істесе қорқатын дәнеңе де жоқ. Ол үшін әрине дұрыс тамақтанып, мезгіл-мезгілімен дәрумендерді қабылдау керек. Әсіресе дәруменге бай тағамдарды тұтынған өте пайдалы.

Диетологтар иммунитеттің жоғары болуына мына дәрумендер септігін тигізеді дейді: А, С, Д, Е, В2, В6 және В12, фолий қышқылы, темір мен селен, мырыш. Мысалы, Д дәруменінің жеткіліксіздігі байқалған жағдайда адам инфекциялық ауруларға шалдығады екен. Өйткені Д дәрумені микробқа қарсы ақуызды жасауға атсалысып, вирус жұқтыру қаупін азайтады.


Д дәруменін нәлім балығының бауырынан, басқа да балықтардан, жұмыртқаның сары уызынан, сары майдан алуға болады. Күн сайын 15 гр. балық бауырын жеу арқылы қажетті А және Д дәрумендерінің мөлшерін толықтыра аласыз дейді диетологтар.


Д дәруменімен қатар инфекциялық аурулардың алдын алуда Е дәруменінің де алар орны ерекше. Бұл дәруменді күнбағыс майы мен жаңғақтардан табуға болады. 2 ас қасық өсімдік майы бір күнге жетерлік Е дәруменімен ағзаны қанықтырады.


С дәрумені иммуниеттің ең мықты тірегі. Аталмыш дәрумен итмұрын, шырғанақ, тәтті бұрыш, қара қарақат пен қырыққабаттың барлық түрінде, цитрусты жемістерде бар. Бір күндік С дәруменінің ағзаға қажетті мөлшерін толықтыру үшін күніне тәтті болгар бұрышының жартысын жеу жеткілікті.


Мырыш пен селен элементтері де иммундық жүйенің көтеріліп, қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. Мырышты сиыр еті, тауық бауыры, ірімшік пен жаңғақтан алсаңыз, селен элементін жұмыртқаның сары уызынан, сиыр еті мен сүзбеден табасыз. Мырышты да күнделікті қабылдаған дұрыс. Мәселен, 250 гр. ірімшік мырыштың бір күндік мөлшерін толықтырады немесе осындай мөлшердегі тауықтың бауыры. Ал, селен элементінінің ағзаңызда жеткіліксіз болғанын қаламасаңыз, 5-6 дана жұмыртқаның сары уызы мен 250 гр. сүзбе жеген дұрыс.

Мамандар тек қана дұрыс тамақтанып ағзаға керекті дәрумендер мен минералдардың орнын толықтыру мүмкін емес дейді. Бұдан бөлек қосымша дәрумендер жиынтығы мен биологиялық белсенді заттарды да қабылдау қажеттігін айтады.

Дұрыс тамақтануды әсіресе қант диабетінің екінші сатысындағылар, атеросклероз, май басу секілді аурулармен ауыратындарға короновирустың ауыр сатысынан өтуге тура келеді. Сондықтан да аурудың алдын алу үшін тамақтану рационын қалыпқа келтіріп, иммунитетті жоғарылататын әрекет жасаңыз. Дұрыс тамақтанумен қатар, түрлі гимнастикалар, дене жаттығуларымен айналысудың да пайдасы зор.


Вирус жұқтырғандарға қандай тағамдардан бас тартқан дұрыс?

Бұл сұраққа дәрігерлер нақты әрі түсінікті тілмен жауап беріп келеді. Мұндай тағамдарға:

  • майлы, ащы тағамдар;
  • фаст-фуд өнімдері;
  • қабығы қатты көкөністер мен жемістер;
  • бұршақ тұқымдастар;
  • кондитерлік өнімдер;
  • алкогольді ішімдіктер;
  • консервіленген өнімдерді жатқызуға болады. Аталған тағамдар мен сусындарды короновируспен ауырған жағдайда тамақтану рационына қоспағаныңыз абзал. Сонда тез жазылып, қалыпты өмірге оралатын боласыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Биологиялық белсенді қоспа: "БАД" - кімдерге ішуге болмайды?


Медициналық диагностика жайлы көпшілік сенетін 5 ӨТІРІК