​ЖАЗДА мазалайтын МЫНА ауруды қалай ЕМДЕУ керектігін білесіз бе?

0
5 809

Осы 6 ауруды біліңіз әрі сақтаныңыз...


​ЖАЗДА мазалайтын МЫНА ауруды қалай ЕМДЕУ керектігін білесіз бе?

фото: dailyportal.net

Жаз – бәріміз асыға күтетін тамаша мезгіл. Жағажай, бассейн, саяжай жаныңызға жайлылық сыйлап, рахатқа бөлейді. Дегенмен, демалыс жағымды эмоция ғана әкелмейді. Түрлі ауруды асқындырады. Сондықтан да демалыстан соң дәрі-дәрмектің көмегіне жүгінгіңіз келмесе, жазда мазалайтын мына 6 аурудан сақтанып, алдын алудың жолдарын біле жүріңіз.


Ангина

Көптеген адамдар ангинаны күзгі-көктемгі кезеңге тән ауру деп санайды. Иә, сыртта +30°С болғанда, тамаққа қалай суық тиюі мүмкін деп ойлаймыз. Десе де, соған қарамастан, өткір тонзиллит жылдың кез келген уақытында, әсіресе жазда белең алатын ауру.

Ангинаның шығуына салқын су мен балмұздақ себеп болады. Шөлді қандыру үшін тоңазытқыштағы суды қанағат етпей мұздатқышқа салып қоятынымыз бар. мұз су мен мұздай балмұздақ ждеген соң тамағыңыз қалай зардап шекпейді? Қатты салқын тағамдар бактерияларға тосқауыл болып табылатын бадамша бездердің қорғанысын төмендетіп, нәтижесінде стенокардияның дамуына үлес қосады.

Белгілері:

Ангина шыққанда дене температурасы күрт көтеріледі (кейде + 40-41 градусты көрсетуі мүмкін). Оған қоса, дене қалтырп, бұлшықет, буын ауырсынады. Тіпті, жұтыну, сөйлейдің өзі тамақты ауыртады. Қатты асқынған кезде науқас тамақ пен суды ды жұта алмайтын халге жетеді.

Емделу жолдары:

Ангина бактериялар тудыратын ауруларға жатады. Сондықтан ауруды антибиотикпен ғана жеңе аламыз. Өз бетіңізше ем алмай, дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Маманның ұсынған ем-домын уақытымен қабылдасаңыз, аурудан тез айығасыз.

фото: dr-zaytsev.ru


Улану

Улану көбінесе сапасыз, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе бұзылған тағамды қабылдаудан туындайды. Жаз мезгілінде балғын жемісті, көкөністі жеуге тырысыңыз. Түннен қалған тамақты жемеңіз. Күн қатты ыстық болғандықтан тағамдар да тез бұзылады. Ет қосылған тағамдарды да шектегеніңіз жөн.

Белгілері:

Уланған адам бозарып, сұрланып кетеді. Құсып, іші өте бастайды. Дене температурасы бірден көтерілмейді.

Емделу жолдары:

Улануды емдеудегі ең бастысы – ағзадан сапасыз тағамды мүмкіндігінше тез жою керек. Егер өз еркіңізбен құса алмасаңыз, онда асқазаныңызды жуу арқылы іштегі уды шығару керек. Ол үшін 1-2 литр таза су ішіп, тіл түбірін тітіркендіресіз. Осыдан кейін белсендірілген көмір, фильтрум-сти, энтеросгель ішіп, құсасыз. Әдетте, бұл шаралар жағдайыңызды жақсарту керек. Егер нәтиже болмаса, онда дәрігермен кеңесу керек.


Ішек инфекциясы

Жедел ішек инфекциялары патогендік микробтардың, вирустың немесе бактерияның адам ағзасына түсуінен болады. Бұл жағдайда адамның ағзасы улана бастайды.

Белгілері:

Науқас адам әлсірейді, бұлшықеттері, буындары, сүйегі ауырады. Одан бөлек, жүрек айниды, құсу мазалайды, үлкен дәрет сұйылады. Ағза сусызданып, денсаулыққа қауіп төндіреді.

Емделу жолдары:

Егер науқаста диарея, жүрек айнуы және құсу болса, дене температурасы көтеріледі. Уақыт созбай дәрігерге қаралу керек.


Отит

Құлақтың қабынуы жазғы аурулардың тізімін толықтырады. Әсіресе жас балаларда немесе ЛОР мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдарда жиі кездеседі. Мұның себебі – күннің ыстық сәулелерінің астында ұзақ уақыт болғаннан кейін суық суға белсенді шомылудан пайда болады.

Белгілері:

Құлақты немесе айналасын басқанда ауырсыну мазалайды. Кейде дене температурасы көтеріледі, бұлшықеттер мен буындарда ауырсыну болады. Асқынған жағдайда іріңді сұйықтық ағады. Ауруды асқындырып алмай, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Емделу жолдары:

Құлақ ауруларын ешқашан өз бетіңізше емдемеңіз. Міндетті түрде дәрігердің қабылдауына жазылыңыздар.

фото: zdorovieinform.ru


Ыстық өту

Аптап ыстықта көп жүрмеуге тырысыңыз. Жазда таңғы 11-ге дейін және 17-ден кейін сыртқа шығуды ескреіңіз. Себебі осы уақыт аралығында күн қатты ысып, денсаулығыңызға зақым келеді.

Жазда басыңыздан бас киім, қолыңыздан күнннен қорғайтын қолшатыр тастамаңыз. Көзіңізге көзілдірік киюді де ұмытпаңыз. Бұл сізді ыстық өтуден қорғайды.

Ыстықтың өткеннін біз сезбеуіміз мүмкін. Айналадағы адамдар байқайды.

Белгілері:

Егер басыңыз ауырып, айнала бастаса, көзіңіздің алдында жұлдызшалар пайда болса, бойыңызды әлсіздік билесе, тыныс алуыңыз нашарласа, онда сізге ыстық өткен болуы мүмкін.

Емделу жолдары:

Егер сіз өзіңіздің, туыстарыңыздың немесе айналаңыздағы адамдардың бірінде бұл белгілерді байқасаңыз, дереу салқын бөлмеге апарыңыз. 1 стақан салқын су ішкізіңіз. Салқын сумен бетін, қолын жуыңыз. Мүмкін болса, салқын душқа түскені дұрыс.


Күнге күю

Бұл дерт көбінесе жағажайда, бассейнге түскен соң күнге қыздырыну кезінде болады. Иә, күнге қыздырыну денсаулыққа пайдалы. Бірақ шамадан артық уақыт болса, оның зияны мол болмақ.

Белгілері:

Күнге күйген тері қызарып, қол тигізгенде ауырады. Бетінде мөлдір сұйықтық бар көпіршіктер пайда болады. Кейде дене температурасы көтеріліп, бас ауырады және қатты шөлдейді.

Емделу жолдары:

Ең алдымен, зардап шеккен адамды салқын жерге жатқызу керек. Сосын теріні салқын сумен, түймедақ тұнбасымен, сұйылтылған хлоргексидин ерітіндісімен сүртіңіз. Осыдан кейін теріге күйікті емдеуге арналған арнайы спрей немесе крем жағыңыз.

Күлдіреген теріні жаруға асықпаңыз. Салдарынан инфекция жұғуы мүмкін. Науқастың көбірек су ішуін қадағалаңыз.


Дереккөз: medaboutme.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТІЗЕНІҢ ауырғанын балғын ҚИЯР емдейді


ІШЕКТІҢ жұмысын піскен АЛМА жақсартады


Аузыңыздың ДӘМ СЕЗБЕЙ қалуына не СЕБЕП болатынын білесіз бе?