Шымкенттің қақ ортасында бойжеткен жалаңаш биледі (видео 18+)

0
6377
Шымкенттің қақ ортасында бойжеткен жалаңаш биледі (видео 18+)

ERNUR.KZ. Кеше 14 мамыр күні кешкісін Шымкент қаласының орталығында белгісіз әйел көлік жүргізушілеріне арнап күтпеген көрініс ұйымдастырып берді. Желтоқсан көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысындағы көлік жүретін жолға шыққан азаматша стриптиз билей бастады.

Оның бұл қылығын қала тұрғындары ұялы телефонға түсіріп те алыпты. Әйелдің «шоуын» түсіріп жатқан куәгерлердің сөзінше, бұл әрекеттің басталғанына жиырма минуттай болған. Алдымен ол көлік жүретін жолға шығып билейді. Сосын, бірте-бірте шешіне бастады. Күн қызып қалған күнгейде оның үстындегі лыпасын сыпырып тастауға көп уақыт та кеткен жоқ. Алайда, «ең қызық» жерге келгенде оны тәртіп сақшылары тоқтатты.

Оқиға орнына жеткен полиция патрулін көрген әйел қаша жөнелгенімен, заң қызметкерлері оны қуып жетті.

«Оның жеке басы анықталды. Ол 1996 жылы туылған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Спирттік ішімдік ішкен белгілері анықталмағандықтан азаматша қосымша тексеруден өту үшін облытық психоневрологиялық диспенсерге жолданды», - деді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Облыстық диспансерге ол кешкі сағат 20-00 де жеткізілгенімен, толық тексеру жүргізілмеген. 22 жастағы әйелді әпкесі келіп алып кеткен.

«Психоневрологиялық диспансерге науқасты жатқызу не сот шешімімен не туыстардың рұқсатымен жүргізіледі. Сондықтан, ол әйелдің әпкесі келіп, туысын жатқызуға қарсы болып, алып кетті», - деді облыстық психоневрологиялық Диспансер бас дәрігерінің орынбасары Шавкат Миранов.

Оның пікірінше, 22 жастағы әйелде «сандырақ синдромы» болуы мүмкін. Бұл қатты стресс алғанда немесе есірткі заттарын қолданғанда болуы мүмкін.

видео желіден алынды (видео +18)


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет