Шымкентте мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0
76
Шымкентте мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ERNUR.KZ. Шымкентте «Тіркеу» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілген 4 күнде 959 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінне сілтеме жасап.

Одан бөлек, шара барысында 1399 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде ең көбі Әл-Фараби ауданында - 471, Абай ауданында - 351, Қаратауда - 277, Еңбекші ауданында 30 әкімшілік құқықбұзушылық жайттары анықталған. Тексеру кезінде мекенжайы бойынша тіркеусіз тұрған 959 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылыды. Тағы 644 азамат ішкі істер органдарына есепке алынып, қабылдау-тарату орындарына құжатсыз жүргені үшін 29 тұлға жеткізілді.

10 мамырынан бастап іс-шараның екінші кезеңі басталады. Жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.



Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет