Шымкентте пайғамбар жасына келген азамат әйелін пышақтап тастады

0
611
Шымкентте пайғамбар жасына келген азамат әйелін пышақтап тастады

ERNUR.KZ. Шымкентте көпқабатты тұрғынүй подъезінде күйеуі әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Күншығыс шағынауданындағы 67-ші үйде 63 жастағы ер адам үшінші қабаттың алаңшасында 57 жастағы әйелінің кеуде тұсына төрт рет пышақ сұққан. Алған дене жарақаттарынан әйел сол жерде қаза болған.

Егде жастағы әйелін өз қолымен өлтірген ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Сот санкциясымен 1955 жылы туған Түлкібас ауданының тумасына 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет