ҚАЙТЫС БОЛҒАН адамның КИІМІН киген дұрыс па?

0
12 950

Экзотерика мамандары адам қуаты сарқылмау үшін мынандай бес киімге жоламауды ескертеді.


ҚАЙТЫС БОЛҒАН адамның КИІМІН киген дұрыс па?

16-маусым – медицина қызметкерлерінің күні. Медицина мамандарының соңғы тапқан аурудың түрі – созылмалы қажу синдромы деп аталады. Медицина тілінде осылай аталатын бұл синдромды көз тию, дуа және теріс биоэнергетикаға ұқсатуға болады.

Арнайы экзотерика мамандары адам қуатының сарқылуымен, эмоционалды тоқыраумен байқалатын қажу синдромына шалдықпау үшін, мынандай бес киімге жоламауды ескертеді.


Бір адаммен әңгімелескенде көңіліңіз жай тауып, сергіп қаласыз, ал кейбіреулердің қасынан керісінше шаршап, әліңіз құрып қайтады. Екінші топты мамандар «адам қуатын соратын вампирлер» деп атайды. Мұндай «вампир адамдар» ғана емес, кейбір заттар, ағаштар, жануарлар, тағамдар және кей киімдер де қуатты өзіне «сорып» алады екен.


Біз киімдерге тоқталайық


1. Әрқайсысымыздың гардеробымызда сатып алғанымызбен кигенде ыңғайсызданып, өзіңді бір түрлі сезіндіретін киімдер бар. Ондай киімді бір-екі рет киеміз де одан кейін арада біраз жыл өтсе де сол күйі киілмей тұрады. Ол киім әдемі, сәнді әрі қымбат та болуы мүмкін. Бірақ, кигіңіз келмейді. Сізде сондай киім бар ма?

Міне, адам қуатын «соратын» киімнің бірі – осы. Оны гардеробыңызда сақтамаңыз, қажет еткен адамға беріп жіберіңіз немесе қоқысқа лақтырыңыз.


2. Өміріміз қуанышты, сәтсіз, бақытсыз, қайғылы, жеңісті оқиғалармен өріліп жататыны белгілі. Лажы болса, жол апатына ұшыраған кезде, уақытша қамауда болғанда т.б. осындай жағымсыз оқиғаларда үстіңізде болған киімді кимей-ақ қойғаныңыз дұрыс. Адам ескі естеліктерді қалай ойында сақтаса, киімдер де белгілі бір оқиғалар кезіндегі энергетиканы өз бойында сақтайды дейді арнайы мамандар.

3. Әр адамның киімі сол адамның тері арқылы көңіл күйін, ойларын өзінде сақтайды. Бұған экстрасенстердің киімге қарап-ақ оның иесі жайында бүкіл мағлұматты айтып беретіні дәлел бола алады. Сондықтан да, тағдырын қайталағыңыз келмейтін адамның киімін кимеуге тырысыңыз. Иә, киім арқылы тек жұқпалы аурулар ғана емес, оның бақытсыздығы да «жұғады» дейді экзотериктер.


4. Табанда адамның барлық ағзасымен байланысып жатқан нүктелер бар екенін анықтап, түрлі дерттерді табанға массаж жасау арқылы емдеуде нәтижелі табысқа жетіп жүрген тибеттіктер «Адам денсаулығы аяқтан басталады» дейді. Тибет медицина мамандары ұзақ өмір сүру де, денсаулықтың мықты болуы да адамның аяқкиіміне тікелей байланысты екенін айтады. Тибеттіктер содан болса керек, аяқкиімге ерекше мән береді.

Аяқкиіміңіз қажаса, қысса бетіңізде қандай өзгеріс орын алады? Бұл жағымсыз эмоциялық өзгеріс қуатыңызды жоғалтады. Олай болса, кең немесе тар аяқ киім киюден аулақ болыңыз. Аяқ киіміңіз өзіңізге шақ болсын!


5. Қазақ халқында өмірден өткен адамның киімін тарату дәстүрі бар. Оны киіп тоздырса, сауап болады деген түсінік те қалыптасқан. Алайда экзотерика мамандары бұған қарсы. Олар қайтыс болған адамның киімін киюге болмайтындығын, ондай киім теріс қуатты екенін ескертеді.

Егер, шаршап, қажып, өмірден түңіліп, ешнәрсеге зауқыңыз соқпай жүрсе, қандай киім киіп жүргеніңізге зер салып көріңіз. Мүмкін сіздегі қажу синдромы жоғарыда аталған бес киімнен болар?! Олардан жылдам құтылыңыз!

(суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Ж. СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«Болмайтынға болыспа!» - Өмірдің сабағын ұқпайтындар үшін уайымдаған дұрыс па?

«5 НЕГЕ?» ережесімен ең күрделі мәселені де ШЕШЕ АЛАСЫЗ!

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет