Мәселеңізді шеше алмай жүрсеңіз, «Хоопонопоно» әдісін қолданып көріңіз

0
2 700

Адам миы=компьютер. Компьютеріңіздің сақтау картасын қажетсіз медиафайлдардан тазартып тұрмасаңыз және антивирус программасын үнемі іске қосып отырмасаңыз не болады?.. Адам миының есте сақтау бөлігі де антивирусты қажет етеді. «Хоопонопоно» әдісі=антивирус!


Мәселеңізді шеше алмай жүрсеңіз, «Хоопонопоно» әдісін қолданып көріңіз

Өміріңізде мәселе көбейіп, онымен күресуге дәрменіңіз жетпей жатса, әрекет еткеніңізбен түк өнбей қойса, онда «Хоопонопоно» әдісін қолданып көріңіз.


«Хоопонопоно» әдісі деген не?

Бұл гавайлық емдік тазалау тәсілі. «Әлем менен басталады» деген мағынаны білдіреді, яғни, кез келген мәселенің түйіні, тамыры әр адамның өзінде жатыр дегенді ұқтырады.

Тарқатып айтар болсақ, Хоо – орнату, жасау, Поно – тәртіп, реттеу, тепе-теңдік, үйлесім. Сонда хоопонопоно – «тәртіпке келтіру, тепе-теңдікті орнату, үйлесімге келу» деген сөз.



Авторы кім?

Қателіктерді түзеу, жан жарасын емдеу тәсілі – «Хоопонопоно» әдісінің негізін қалаушы – гавайлық шаман.

Өте ертеде пайда болған даналық тәсілі күрделі еді. Оны ұзақ жылдан бері психиатр, психолог мамандары қолданып келген. Нәтижесінде Джоо Виталле, Моррна Наламаку Симеоне, Хью Лин «Әр адам өзіне өзі емші» деген тоқтамға келіп, әркім қолдана алатындай етіп өзгерістер енгізіп, жаңартты.


Қандай мәселелерге көмектеседі?

- Жағымсыз ойлардан тазартады;

- ДНК-дағы ата-бабадан қалған қателіктерді «өшіреді»;

- Кері әсер ететін естеліктерді жояды;

- Ішкі әлемді реттейді;

- Тән мен жан арасында үйлесімді қалыптастырады;

- Сананы тазартып, жаңа бағдарлама орнатады;



«Хоопонопоно» әдісі қалай қолданылады?

Бұл әдістің формуласы 4-ақ сөйлемнен тұрады:

1. «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН!»

2. «ТӘУБЕ ЕТТІМ!»

3. «МЕНІ КЕШІРШІ!»

4. «АЛҒЫС АЙТАМЫН, РАХМЕТ!»

Осы төрт сөйлемді жиі қайталау керек. Бар-жоғы осы ғана!

Қарапайым болғанымен, осы төрт сөйлемнің құдыреті миды, сананы, есте сақталған жағымсыз, теріс ойлар мен естеліктерді, оқиғаларды «өшіріп», тазартуға жетеді екен.


Жалпы, «Хоопонопоно» әдісінің қалай жұмыс істейтінін білу, түсіну қажет емес. Тек негізгі қажетті 4 сөйлемді жиі қайталап айтып жүрсеңіз болғаны. Иә, бұл сөздер өзіңізге арналады. Сондықтан, айнаға қараған сайын да қайталай беріңіз.

Сіз оны түсінесіз бе, түсінбейсіз бе, 4 сиқырлы сөйлемді қайталаудың өзі жеткілікті. Санаңыз өзі сізге қажетсіз, өміріңіздегі мәселелерді тудырып жатқан ми бағдарламасындағы теріс формулаларды жоюға кіріседі, қате бағдарламаларды реттейді, түзейді.

Осының нәтижесінде өміріңізде де тәртіп, реттілік пайда болып, мәселелер өздігінен шешімін таба бастайды. Бұны көп ұзамай-ақ өзіңіз байқайсыз.


Есте ұстаңыз: «Хоопонопоно» емдік әдісі 4 негізгі сөйлемді қайталаған кезде ғана жұмыс істейді. Сондықтан, 4 сөйлемді жиі қайталаңыз! Күніне бірнеше рет!

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Дайындаған: Ж. СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Хат жаздым саған жете алмасын білсем де...

Ата-ананың перзентіне жасаған бұл көмегі – жақсылық емес, қасірет (видео)
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет