​РЕНІШіңді айта алмау ҚИЫН екен

0
224

Анам маған барған жеріңде үлкендерге сөз қайтарма, мейлі оныкі дұрыс болсын, бұрыс болсын «сіздікі жөн» де. Егер бірдеңені істеуді бұйырса, бір іске жұмсаса, «құп болады!» дегеннен танба деп үйреткен болатын.


​РЕНІШіңді айта алмау ҚИЫН екен

Адам өз басындағы отты көрмей, біреудің басындағы шоқты көреді деген рас екен. Мен де келін болғанша, басқа келіндердің отбасылық өмірдерінен шағымданып, енесінің, күйеуінің немесе қайынсіңлі-қайынәпкесінің көңілін таба алмай, жиі сөзге келіп қала беретіндіктерін айтқанда еш түсіне алмайтын едім. Сөйтсем, олардың жайын сезіну үшін, сол адамның орнында болып көруің керек екен.

Келін атанып, өзге үйдің табалдырығын аттағаныма көп уақыт бола қойған жоқ. Үйренісіп кете қойған жоқпын. Сондықтан болар, мен өз үйімді, ата-анам мен бауырларымды сағынып, олардың жанында болғым келеді. Келін болу да оңай шаруа емес екен, аз уақыттың ішінде көп қиналдым.

Бәлкім, мені қолдайтын, қиналып жүргеніме, үйренісе алмай жатқаныма түсіністікпен қарап, жылы қабақ танытып жатқан бірде бір жан болмаған соң, мен қатты қиналып жатқан болармын.

Әрине, мен өз үйімде еркелеп өскен, ата-анамның еркесі едім. Үй шаруасын атқарып жүрсем де әлі күнге дейін шынында да білетінімнен білмейтіндерім көп екендігін мойындаймын.


Кейде енем мен қайынәпкемнің сөздерінен қапаланып, ренжимін

Олар да үсті-үстіне менің кемшіліктерімді тізбектеп, ұсақ-түйекке дейін жіпке тізіп отыратындығына ашуланатынмын. Әрине, мен де оларды барынша түсінуге тырысып, мені ойлағандықтан, маған жақсы болсын деп тілегендіктен айтатын шығар дейтінмін. Бірақ, күннен күнге асырып, мені іске жарамсыз етіп тастағанда қалайша ашуланбассың?

Жаңа адамдар, жаңа отбасы, тәртібі мен тәрбиесі өзгеше отбасына үйренісу үшін біршама уақыт қажет екендігін олар да білмейді емес қой. Өздері де келін болған, алғаш келін болған сәттерінде олар да барлығын бірден біліп, үйреніп бармаған болар?

Бірақ, мен ішімнен осы сөздерді айтқаныммен, сыртқа шығарып, олардың өзіне тікелей айта алмаймын. Өйткені, менің тәрбием солай. Анам маған барған жеріңде үлкендерге сөз қайтарма, мейлі оныкі дұрыс болсын, бұрыс болсын «сіздікі жөн» де. Егер бірдеңені істеуді бұйырса, бір іске жұмсаса, «құп болады!» дегеннен танба деп үйреткен болатын.

Мен тәрбиемнен асып кете алмадым. Енеме де, тұрмыстан қайтып келген қайынәпкеме де сөз қайтармадым. Тек ішіме сыймай кеткенде ғана оңашада қыстығып жылап алатынмын.

Үйімнен ұзатылып кеткен соң, бір жылға жетпей қайтып баруымның да ерсі екендігін білемін. Бір жағынан, күйеуімді сүйемін, оны қимаймын. Біз әлі бала сүйіп те үлгерген де жоқпыз.

Енемді де тым нашар адам дей алмас едім, ол кісі ене болғандықтан, маған ақылын айтады, бірақ, кейде тым шектен шығып кететіні бар. Оны да қайынәпкемнің үгіттеуімен жасайтын шығар деп ойлаймын.


Енеммен арамызда не болмады десеңізші?!

Алғашқы уақыттарда енемжақсы қарсы алған болатын. Кейін, қайынәпкемнің отбасылық өмірде жолы болмай, қайтып келген соң, көп ұзамай ұрыс-керістер басталды.Енді, келін болған соң, сүйіп қосылған жолдасыңның үйіне барып, оның талқанын шығарайын деп бармайсың ғой. Алайда, олар маған тым көп талап қояды. Оның барлығын орындауға тырыссам да еш үлгере алмаймын. Содан кейін сөйлеудібастайды енем. Қайынәпкем өзінің отбасын игере алмағаны аздай, менің де отбасымның шырқын бұзғысы келе ме, онсыз да білетін ісімді қайталап айта беріп, етіме ине сұққанды жақсы көреді. Ыдыс-аяқты қалай жуу керектігінен бастап, қалай сөйлесу керектігіне дейін айтып, талап қояды. Әйтеуір назары менде ғана. Бірақ, маған көмектесіп, бір жағымнан шығысайын деген ойлары да жоқ. Негізі ене ол жеке бір мәселе. Ал, отбасы бөлек болуы тиісқайынәпкең жаныңда болса ол екінші мәселе. Ол да өзінің «артық адам» екендігін біліп, орнын біліп жүрсе ғой дейсің. Іштей қыжыл қайнап жатқанымен, мұның бірін де оларға ашып айта алмай, іштен тынамын.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

АР АЙША,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

БАЛАны ғана емес, АТА-АНАны да жиі ҚҰШАҚТАУ керек. НЕГЕ?

ПРОБЛЕМАңызды физик ЭЙНШТЕЙНнің ӘДІСІмен шешіп көріңіз

.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет