«Әйелімді туған бажаммен ұстап алдым»: алматылық азамат өмірінің мәні қалмағанын айтады

0
7 153

"20 жылдық кездесуде масқара боламыз деп кім ойлапты?!"


«Әйелімді туған бажаммен ұстап алдым»: алматылық азамат өмірінің мәні қалмағанын айтады
иллюстрациялық сурет интернеттен алынды


«Екі аяқтыда бажа тату» дейтін бе еді? Сосын әлгі «Әйеліммен ажырасайын десем, бажамды қимаймын» деген әзіл де бар, иә? Бажа деген сенің сырласың, мұңдасың, бауырыңдай болуы керек емес пе? Бірақ бажаның да ішінде иттік жасайтындары табылады екен. Мысалы, менің бажам әйеліммен ойнастық жасап жүріпті», - дейді Төребек есімді алматылық азамат.


Ол кісі қазір әйелімен ажырасып жатыр. Оқиғаның қалай болғанын, шындыққа қалай көз жеткізгенің Төребек мырзаның өзі ERNUR.KZ тілшісіне айтып берді.


«Әйелдің жаманы қойныңда жатқан сұр жылан, байқамасаң шағып алады» деп бекер айтпайды екен. Әйелім бажамның ашынасы болып шықты. Үстінен түстім. Ұстап алдым. Жағдай осы. Ондай әйелмен қалай өмір сүруге болады? Қазір ажырасып жатырмыз, арада бала болған соң ойлануға бір ай рұқсат беріп, сот ісі созылып жатыр. Бірақ мен райымнан қайтпаймын.


Оқиға былай болды, негізі бажам мен әйелім сыныптас. Сыныптас екенін білемін, бірақ екеуінің мектепте жүргенін, тіпті үйленбек болғанын мен білмеппін. Кезінде үйленемін деп әйелімді алып қашпақ болғанда, менің әйелім университетті бітіріп алайын деп көнбей қойған екен. Содан ол ерегісіп балдызымды алып қашқан.


Бәсе деймін, әйелім сіңлісіне көмектескен болып жиі баратын. «Сәлима ауырып қалыпты, барып балаларына қарасып келдім, кішкентайын омыраудан ажыратады екен, үйге келіп қарасшы деді, мен бір күн қонып келейін» деп жиі кететін. Бажам мен балдызым да біздің үйден шықпайтын. Олар келгенде әйелім ерекше ажарланып, гүл-гүл жайнап кететін. Бір қалада тұрсақ та сіңлім мен күйеу балам келе жатыр деп маған пісірмейтін ерекше тамақтарды пісіріп, «ішіп отырыңдар, алып отырыңдар» деп ішіне түсіп кете жаздайды. Мен байғұс «Бауыр деген ерекше екен ғой, сіңлісін қатты жақсы көреді» деп іштей сүйсініп қоятынмын. Сөйтсем олардың арамза пиғылынан хабарсыз жүріппін.


Биыл әйелім мен бажамның 20 жылдық кездесуі болды. Көктем шыққаннан «арықтауым керек, толып кеттім, кездесуге ең әдемі қыз болып баруым керек» деп диета ұстап, бетін тазалатып, өзіне ерекше күтім жасап жүрді. Күндізге бір көйлек, кешкі отырысқа екінші көйлек, ертеңіне тауға барғанға тағы бір киім алып, «жыртылды». Мен немен барамын, не киемін, онда шаруасы болмады.


Қош, сонымен кездесуге барып, бәрі ойдағыдай өтті. Бірақ балдызымның бүйрегі ауырып қалды да, бажам жалғыз келді. Ертеңіне тауға серуенге шықтық. «Күйеу бала, іш» деп екі күннен бері қинай берген, кәдімгідей масайрап қалдым. Тауға шыққан соң таза ауада кішкене демалып алайын деп жатып қалғам. Тұрсам күн кешкіріп қалыпты, бәрі кәуап жейін деп дайындалып жатыр. Әйелім көрінбейді.

Жанымдағы келіншектерден сұрап едім, бірнеше қыз бен жігіттің тауға серуендеп кеткенін білдім. Асықпай аяңдап, мен де бір аяқ жолмен тауға қарай шықтым. Жарты жолға келгенде қалың жыңғылдың арасынан әлдекімдердің ыңырсыған даусы естілді. Алғашында мән бермей, ары қарай өтіп кеткем. Бір кезде әйелімнің «Жандар, болды, кеттік» деген даусы естілді. Өз құлағыма өзім сенбей, сілейіп тұрып қалдым. «Болған жоқ, сәл жата тұрайық» деп бір еркек сөйледі. Сол кезде барып әйелім мен бажамның даусын таныдым. Жыңғылға қарай жақындай бергенім сол еді, арғы жақта қарбалас басталып кетті. Жартылай жалаңаш, бұты ашық әйелім атып тұрды. Ал бажам шалбарының түймесін қадай алдмай әбіржіді де қалды. Екеуі бұлай «ұрлық» үстінде ұсталамыз деп ойламаса керек...


Тұрған жерінде бажамды соққының астына алып, аямай тепкілеп тастадым. Мұрны мен тістері сыныпты. Әйелім де әбден таяқ жеді. Сыныптастар түгел жиналып, болған оқиғадан хабардар болды. Бәрі де жағаларын ұстап, екеуіне нәлет айтып жатты. Ал мен «маевкадан» дереу кетіп қалдым. Шамасы, содан кейін де отырыстың мәні кетсе керек, көп ұзамай артымнан әйелім де келді. «Сезімнің жетегіне ердім, мені кешір, бұрын мұндай болған емес. Мені Жандар азғырды. Басымды дуалап тастады ма, білмеймін. Оның айтқанына көніп, қалай құшағына кіргенімді білмей қалдым» деп істің тігісін жатқызбақшы.


Неше рет қайталанса да енді бәрібір емес пе? Сынған ыдыс қалпына келмейді. Сыртымнан жүріс жасаған әйелмен енді бір шаңырақ астында тұра алмаймын. Бәрінен де төрт бала тауып, бажамның бабын жасап отырған балдызымды аядым. Оның қандай жазығы бар еді? Мінезі жібектей, денсаулығы сыр берсе де күйеуі үшін жанын беруге әзір еді.


Үш балам да «әкеммен қаламыз» деп отыр. Естері кіріп қалған ғой, болған оқиғаны біліп, сезіп отырған сыңайлы. Ал әйелім қарабет болып қазір пәтер жағалап жүр. Балдызым да күйеуін үйден қуып шығыпты. Оның немен айналысып жүргенінен хабарсызбын. Болған жағдайдан кейін кімге сенерімді де білмей қалдым. Жағдай осылай болды.


Шайтан азғырам десе адамның адасуы бір сәтте екен. Әйтпесе қойнымдағы әйелімнен осындай опасыздық күтіппін бе? Арқа етім арша, борбай етім борша болып, әйелім ештеңеден таршылық көрмесін деп екі жұмыста істеп жүрдім. Балалар баспанасыз өспесін деп шамам келгенше үй салдым. Енді оның бәрінде мән қалмады...»