«Балалы болам деп тоналып қалдым»: өзінен жиырма жас кіші жігітті ұнатқан қыз өкінішін айтты

0
3 506

«Студент деп үйіме тұрғызған едім...»


«Балалы болам деп тоналып қалдым»: өзінен жиырма жас кіші жігітті ұнатқан қыз өкінішін айтты
иллюстрациялық сурет ашық дереккөзден алынды


«Жас күніңде жалғыздық онша білінбейді екен. Жылдар өте жалығасың. Өзіңмен қатар қыз-келіншектер ұл-қыз сүйіп, солардың қызығына тоймай жүргенін көргенде, жұмыс, қызмет, бауырларым деп өткен күндеріңе өкінеді екенсің», - дейді Шымкенттің Гүлманат есімді тұрғыны.


Жасы қырыққа таяған шақта жалғыздықтан құтылудың жолын іздеп, ақырында сан соғып қалған Гүлманат ERNUR.KZ тілшісіне болған оқиғаны бастан-аяқ айтып берді.


«Ауылдың мектебінде ең үздік оқушы мен едім. Мұғалімдердің бәрі мені мақтап, мектепке тексеру келсе мені көрсетіп, өзге балаларға үлгі етіп отыратын. Сосын бәрі әңгімелеске сайын «Әй, Гүлманат, мектеп бітірген соң елдің қздары сиқты түрмысқа шығып кетпе, оқуыңды жалғастыр, жақсы қызметке орналасып ал, күйеуге содан кейін де үлгересің» деп құлағыма құя берді. Санама сіңіп қалғаны сонша, «мен бәріне өзімнің үздік екенімді дәлелдеймін, универсиетті де қызылмен бітіремін, жақсы қызметке орналасамын» деп алдыма мақсат қойдым.


Солай болды да. Елдің қыздары студенттік шақтың қызығына тоймай, отырыстарға барып жүргенде, мен жатақхана кітап құшақтап жататынмын. Алдыма қойған мақсатым орындалды. Үздік бітіріп, өзімнің мамандығым бойынша ешкімнің көмегінсіз қызметке тұрдым. Ол жерде де бәрінің алды боламын деп жұмысымды беріліп істедім. Нәтижесінде қарапайым маман дәрежесінен бастықтың орынбасары қызметіне дейін көтерілдім.


Осы жылдар аралығында маған сөз салып, ұсыныс білдірген жігіттер көп болды. Бірақ мен «тұрмысқа шықсам, декреттік демалысқа кетіп, қызметімнен айырылып қаламын ғой» деп келте ойлаппын. Солай жүргенімде өзімнен кейінгі екі сіңлім тұрмысқа шығып кетті. Үйдің үлкені болған соң ата-анам маған үміт артады. «Анау қыздың жасауын қайтеміз, киітке не аламыз, қаражатты қайдан табамыз?» деп маған қарайды. Бар тапқанымды солардың игілігі үшін жұмсап, «мен үйдің үлкенімін, бауырларыма қаралайласуым керек, жалғыз өзіме не керек, соларға бұйырсын» деп тапқанымды солардың жолына шашып келдім.


Кейін байқап қарасам, бәрі үйлі-жайлы болып кеткен. Балаларының тәрбиесі, үйінің тамағы дегендей, менімен сөйлесуге, іздеуге уақыттары жоқ. Әкем о дүниеге аттанған. Шешем де інімнің балаларынан миы ашып, өзімен-өзі. «Келінге жексұрын болмайын» деп ауылға баруды да сиретіппін.


Жалғыздық жаныма бата бастады. Не істеу керек? Біреудің тоқалы болуды қаламаймын. Кезінде «күйеуге ти» деген жігіттердің бәрі қазір үйленіп кеткен. Амал жоқ, ойлана келе өзім үшін бір бала туып алайын деп шештім.


Бір күні жұмыстан қайтып бара жатыр едім, жол жиегінде бір жас жігіт такси тоқтатып тұр екен. Өзімнен өзім ала кетейін деп шештім. Студент екен. Жатақханадағы жігіттермен төбелесіп қалып, содан шығарып жіберіпті. Қонатын үй іздеп, қаланың арғы шетіндегі туысының үйіне бара жатыр екен. «Бүгінше менің үйіме қона сал, кеш боп кетті» дедім. Ол жігітке алдымен өзімнің інімдей қарадым. Жаным ашыды.


Не керек, ол үйіме қонды. Ертеңіне рақметін айтып кетіп бара жатыр еді. «Қаланың шетінен қатынап оқу қиын шығар, қаласаң менің үйімде тұра бер, таңертең кетемін, кешке келемін, саған бөгет жасамаймын» дедім. Ол қуана келісті.


Аты – Нұрбол. Ауылдың қарапайым баласы, бойы, денесі шымыр жігіт екен. Ойым кетті. «Болашақ баламның әкесі осы жігіт болса қайтеді?» дедім. Мұнымды Нұрболдың өзіне айтып едім, ол қарсы болмады. Тамағы тегін, жататын жері дайын. Анда-санда киім әперіп тұрдым.


Екеуміз уақытты көңілді өткізетінбіз. Менің көлігіме мініп алып талай жерді аралап, қыдырып қайтатынбыз. Күн өткен сайын ол менің сеніміме кіре берді. Басында жинаған ақшаларымды, алтындарымды көрсетпей, тығып жүретінмін. Кейін қанша ақшам барын, олардың қайда тұрғанын жасырмай, айта беретін болдым. Тіпті көлігіме де сенімхат беріп қойдым. Күйеуімдей болып кетті.


Арада төрт ай өткенде ол бүкіл алтындарымды, шетелге саяхаттаймын деп жинап жүрген ақшамды, қымбат құндыз тонымды, жақында ғана сатып алған ноубтугымды алып, ұшты-күйлі жоқ болды. Шарқ ұрып іздеп, университетіне бардым, бір жыл бұрын оқудан шығып кеткен екен. Осы уақытқа дейін мені алдап келіпті. Тіпті туып-өскен ауылым деп Түлкібас ауданындағы бір ауылды айтып еді, ол жақта оны ешкім танымайтын болып шықты.


Қысқасы, мен осылай сан соғып қалдым. Балалы болам деп барымнан айырылдым. Бұл жағдайдан хабардар болған бауырларым жаны ашып, қолдаудың орнына өзімді табалап, «жас жігітпен жүріп опа табам деп ойладың ба, миың қайда» деп ұрысып кетті. Кезінде соларды ұзатып, тойын істеп, үй болып кетулері үшін бар жағдайын жасаған мен едім. Соным бекер болыпты.


Нұрболдың үстінен арызданбаймын. Ұяты білсін. Бәлкім, осы жазбаны оқыса, қайта айналып келіп қалар деген үмітім бар. «Жиырма жас кіші жігіттен алданып қалыпты» деп күлкіге қалудан қорқамын.


Ал өзімнен кейінгі қыздарға айтарым, оқудың да, қызметтің де, бәрінің өз уақытымен болғаны дұрыс екен. Қартайғанда жалғыз қалғың келмесе дер кезінде тұрмысқа шығу керек. Ал мен қазір өткенім үшін өкінемін...»


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Төркініне апарып тастадым»: үйленуден қорқып қалған жігіт кімді кінәларын білмей отыр


«Құда болып жалдамалы "әртістер" келген»: түркістандық келіншек "жеңгесінің" сыбайластары да жазасыз қалмаса дейді