​«Елуге келгенде ебі болмай қалды»: қызылордалық келіншек ешкімге айтпаған құпиясын жайып салды

0
2 879

«Нағыз ләззатты басқадан сезіндім...»


​«Елуге келгенде ебі болмай қалды»: қызылордалық келіншек ешкімге айтпаған құпиясын жайып салды
иллюстрациялық сурет ашық дереккөзден алынды


«Әйел өзі қаламаған, сүймеген адаммен бір шаңырақ астында өмір бақи тұра алады. Бірақ оның құлазыған көңілін көтеретін де, сұлуландыратын да, жасартатын да, бақытты ететін де бір-ақ нәрсе. Ол - өзі ұнатқан адаммен құрған қарым-қатынас, төсек ләззаты. Мен қырықтан асқан шағымда осыны түсіндім», - дейді Айжамал есімді қызылордалық әйел.


Айжамал алып қашудың құрбаны болған екен. Сүймеген адаммен бір шаңырақ астында тұрып жатқан әйел ERNUR.KZ тілшісіне ешкімге айтпаған құпия-сырын жайып салды.


«Мен Түркістан қаласында дүниеге келгенмін. Ата-әженің тәрбиесін көрген, ұялшақ, биязы мінезді қыз едім. Мектепті бітірген соң оқуға түсіп, мұғалім мамандығын алып шықтым. Университетті бітірген уақытта өзім мүлдем көрмеген, танымайтын адамның жары бола салдым. Жақын жер болса мейлі, Қызылордаға алып қашты.


Шынымды айтсам, күйеуімді үйіне алып барғанда бір-ақ көрдім. Қарындасы біздің универсиетте оқыған екен, соған барып жүріп мені сырттай бақылапты. Ақырында достарымен бірге алып қашқан. Асып бара жатқан сұлу да емес, өзі менен тоғыз жас үлкен жігітті бір көргеннен жақтырмадым. «Кетемге» салып едім, төркінімнен әпкем мен жездем қуып келіпті. «Әпке, мына адамды көрмегенмін, танымаймын, мені алып кет» деп жылап едім, есіктің аузына сол әулеттің кемпірлері қолдарына нан ұстап, жатып алып, ақыры мен сол босағада қалып қойдым. «Тағдырың шығар, көнесің, бағың ашылсын» деп әпкем мен жездем мені тастап кете барды.


Содан мен жиырма бір жасымда көлік апатына түсіп, бір аяғын сылтып басатын жігіттің жары атандым. Менің сұлулығыма қызыққан болса керек, күйеуім уақыт өте келе қызғанатын әдет шығарды. Көрінген адамнан қызғанып, әп-сәтте ұрыс бастап жібереді. Айқайлағанда түрі түтігіп, мені ұрып жіберердей болады, бірақ ешқашан қол көтерген емес. Мектепке мүғалім етіп кіргізіп қойған, өзі апарады, қайтарда алып кетеді. Осылайша күйбең тіршілікпен жиырма жылды артқа тастаппыз.


Бастапқыда күйеуіммен ажырасып кетсем бе деп ойлағам. Кейін екі қыз, бір ұлымыз дүниеге келді де, солар үшін көндігіп қала бердім. Бірақ осы уаққа дейін күйеуімді қызғанып, онымен болған түндерден ләззат алып көрмеппін. Әйелдік парызымды орындап жүрген робот сияқтымын. Оған да бәрібір сияқты, өзінің тірлігін тындырып алады да, жүре береді. Арасында еркелету, жылы сөйлеу, сыйлық жасау деген мүлдем жоқ. Менің қалауыммен санаспайды.


Осы жиырма жыл ішінде мен қатты қартайып кеттім. Шашым уақытынан бұрын ағарды, беттегі әжімдер де жыл емес, ай санап көбейіп келе жатқандай еді. Айналамдағы адамдар менің жасыма бес-алты жасты қосып айтатын. Өзімді ретке келтірмек болып неше түрлі кремдерді алып жақтым, басқа да нәрселерді жасаттым. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады. Сүймеген адаммен төсекте бас қосу азаптың азабы екен.


Қазір менің жасым 41-де, ол елуге толды. Жасы келген соң ба, қорылдап ұйықтай береді. Бұрынғыдай қуаты да жоқ. Суықтап ауырғалы бері еркектік міндетін өтемейді. Өз қалауымды айтсам, «құтырып жүрсің бе, әлде басқа біреулер саған шабыт беріп жүр ме» деп өзіме тиіседі. Содан кейін үндемейтін болдым. Құлақтың тыныштығынан артық нәрсе жоқ екен.


Бір күні тексерілейін деп дәрігерге бардым. Алдымда өзімнен әлдеқайда жас келіншек кезек күтіп отыр екен. Екеуміздің әңгімеміз жараса кетті, сөйтсем ол менен төрт жас үлкен әйел екен. Маған «апай» деп сөйлеп отырған. «Менен жасың үлкен екен» дедім. Аузы ашылып қалыпты, «ақшаң жоқ па, әлде күйеуің жоқ па, неге сонша қартайып кеткенсің» деп сұрақтың астына алды. Танымайтын адамға сырыңды айту оңай ғой, басымдағы жағдайды жасырмай айтып салдым. Сұлу апайым сәл жымиды да «әйел адамды жасартатын да, тез қартайтатын да жыныстық қатынас қой. Сенің қазіргі күйзелісің маған таныс. Сенің денсаулығың өзіңе керек. Ләззатты сезінген кезде өмірдің не екенін түсінесің» деп айтты. Әлгі әйелдің айтқан сөзі құлағымнан кетпей қойды. Егер өзгемен көңіл қоссам, жолдасымның көзіне шөп салғаным болады ғой деп те ойладым. Іштей әбден ойландым.


Бір күні такси тоқтатып тұрып Асхат деген жігітпен таныстым. Өзі менен бес жас кіші екен, үйленіп, балалы бола алмай, ақырында ажырасқан екен. Екеуміздің әңгімеміз жараса кетті. Қоштасарда нөмір алмасып, кейін «уаптсаппен» сөйлесетін болдық. Бір күні кездесуге шақырды. Ақырында төсекте табыстық. Сол күнгі менің бақытты сәтімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өзімді нағыз әйел сезіндім ғой, мұндайдан осыншалықты ләззат алуға болатынын білмей келіппін.


Қазір екеуміз аптасына екі рет кездесіп тұрамыз. Мен одан, ол менен ештеңе талап етпейді, тек бір-біріміздің құмарымызды қандырып тұрамыз. Асхатпен кездескелі бері менің көңіл-күйім де, сырт келбетім де жақсарып қалды. Қыздарым да «мама, әрдайым осылай күліп жүріңізші» деп қояды. Онымен кездескелі бері мен де өзіме қарай бастадым. Киімдерімді түгел жаңаладым, шашымды да басқаша етіп қидырттым. Кішкене салмақ тастап, сұп-сұлу келіншекке айналып шыға келдім.


Бұл нәрсенің уақытша екенін білемін, білсем де өзіме керек нәрседен бас тарта алмай, нәпсінің жетегінде жүргенімді түсініп отырмын. Бірақ менің басқа амалым қалмаған еді. Егер күйеуім менің қалауымды орындап, еркектік міндетін дұрыс атқара алса, өзгеге көз сүзіп нем бар...


Осы оқиғаны оқығандар сырттай сөгетін шығар. Бірақ төсек қатынасында дұрыс ләззат ала алмаған әйелдердің басым бөлігінің жатырында ісік болады екен. Мен де осындай дертке шалдықтым. Дәрінің аса қатты пайдасы тимегендіктен, сұлу апайдың айтқан әрекетіне көштім. Төсек қатынасының арқасында денсаулығым да түзеліп келеді. Мен бөтенмен кездескеніме еш өкінбеймін. Өзімнен кейінгі жастарға төсек қатынасының адамға пайдасы көп екенін жеткізгім келеді. Мен секілді өзге біреумен емес, Құдай қосқан қосағымен бақытты болсын! Әр әйел бақытқа лайықты...