«Қайнағама тұрмысқа шықсам деймін»: Қызылордалық әйел ата салтын орындағысы келеді

3
2 303

Балаларын солайша әке махаббатына бөлегісі келеді...


«Қайнағама тұрмысқа шықсам деймін»: Қызылордалық әйел ата салтын орындағысы келеді

Бүгінде ата-баба салтын ескірген санайтындар жетерлік. Десе де, қазақтың дәстүрін ұстанатындар да жоқ емес. Соның бірі, қазақтың әмеңгерлік салтымен өзінің қайнағасына екінші жар болғысы келетін қызылордалық келіншек Рина (есімі өз өтінішімен өзгертілді) ERNUR.KZ тілшісіне әңгімелеп берді.


Ринаның 5 баласы бар – 4 ұл, 1 қыз. Өзінің жасы 31-де. Ең кенже ұлына аяғы ауыр кезде, небәрі 27 жасында күйеуі қаза болып, жесір қалған.

- Бес баламен жалғыз қалу деген азаптың азабы болды. Қайғыға батып, өзімді де, балаларымды да ұмытуға шақ қалдым. Бірақ өмірімніңмәні болған күйеуімнің ата-анасы, бауырлары қолтығымнан демеп, күш берді. Күн құрғатпай жыл өткенше үйімнен табылып, уайымға батым кетуден аман алып қалды. Кенжемді өмірге қалай әкелгенімді білмеймін. Шар етіп жылағанда өзімнің перзентханада екенімді білдім..., - деп мұңая еске алады Рина.


Өзі ата-анасынан ерте айырылған соң бар сүйеніші, сенгені бұл өмірмен қош айтысқанда әлемде жалғаз қалғандай сезімде болыпты. Бірақ ата-енесінің түсінігі мол жандар екенін айтады ол.

- Жыл асқанша тек балалардың ғана жәрдемақысы түсіп тұрғаны болмаса, басқа табысым жоқ мен ештеңеден таршылық көрмедім. Бәрін ата-енем мен қайнағам, қайныларым жеткізіп тұрды. Абысыным жетелеп барып сүлесооқ жүрген маған ұрсып киім әпергені есімде. «Неге сонша божырайсың? Ана балаларды ойла! Алланың жазуына кім қарсы келе алады?» деп жанашырлық танытты. Өзімен өзі болып кеткен бауырларымнан артық сүйеніш бола білді олар.

Осылай деп күйеуінің туыстарына разы болған Рина жесір атанғалы ойы бұзық жандардан көрген қорлығын да айтып берді.

- Жыл өткен соң жұмысыма шықтым. Басында ұжымымдағылардың бәрі жанашыр болып, мені демеуге тырысты. Менің жайымды ойлайтын жандардың барына шүкіршілік еттім. Бірақ бір бармағын ішке бүккен, арамойлылар да бар екен. Ерімсіз өткен екінші жылдың соңына таман мені төңіректейтіндер табыла бастады. Ауылымызда сөз жатпайтыны белгілі. Әрнені сылтау етіп келе беретін ұжымдас еркектердің ішінде өсек тарап, ол ата-енеме де жеткенге ұқсайды.

Бір күні енем келіп: «Жассың, түсінеміз. Егер ойың бар болса, оны айт» деп түсініксіз әңгіменің шетін шығарды. Басында түсінбей, кейіннен төркінін ұқтым. Жанымды езіп жібергендей болды. Менің бес баламен асыр ерімнің отын өшіреді деп ойлағандарына ренжідім. Сөйтсем, бәріне ел ішіне тараған қаңқу сөз кінәлі екен. Әйтеуір, енеме адал екенімді ант-су ішіп түсіндірдім, - дейді Рина.


Ринаны тіпті, үй-күйі жоқ ажырасқан еркектермен таныстырғысы келетін әйелдер де көп болыпты. Ең сорақысы, ержете бастаған ұлының реніші болған көрінеді.

- Үйге келгенде үлкен ұлымның бұлқан-талқан, маған ренжулі кейпін аңғардым. Сыр тартқанымда «Сіз бізді тастап басқа күйеуге тиесіз бе?» деп жылап жіберді. Екеуміз қосыла жыладық. Сыртымнан неге сыпсың сөз ергізді екен? Кімне соншалықты жекөрінішті болдым? Ұлымды жылатып, намысын жаншитындай не жаздық?


Осылай деген Рина өсек сөзден көрген қорлығын есіне алып жылап қалды.

- Содан соң бұл сөздің таусылмайтынына көзім жетті. Ең ақыры ауыл арасындағы таксиге мінуге қорқамын. Мені бөтен көлікте көргендер бірден өсектей жөнелетіндей көріне берді. Сосын ата-бабамыздың дәстүрі осындайдан сақтау үшін шыққандығына көзм жетті. Егер қайнағам әмеңгерлікпен аламын десе, оны бала-шағама түсіндіріп тұрмысқа шығудан қашпас едім. Ел арасында бас көтеріп жүрсем, басиемнің бар екенін білсе ешкімнің мені қорлауына дәті бармас еді, - деп шынын айтты келіншек.


Осындай қадамға баруға бір күні ішімдікке тойып алған ер адамның келіп түн ішінде есік қаққаны, оны үлкен ұлының бала болса да ұрмақ болғаны себеп болыпты.

- Ар-ұяттан жұрдай болғанның бірі түн ортасында есігімді қақты. Мені бір еркексіреп жүр деді ме, аузына келгенін айтқанда ел ішінде отырып ұяттан өртене жаздадым. Ұлым болса менің намысымды қолған сыртқа тұра ұмтылды.

Иә, заман өзгерген шығар. Бірақ қазақы тәрбиемен өскен менің онда шаруам жоқ. Өз бауырының балаларын қайнағам ешкімге жалтақтатпайды. Абысыныммен сырласпыз, ешбір сөзге келмегенбіз. Араларына түсейін деген ниетім жоқ, тек Әке махаббатына тоймай қалған балаларымды бақытты етсе болғаны... Бірақ мұны қалай қабылдарын білмеймін. Тек өз ойым ғана... Көптің пікірі қалай болар екен? Мұным дұрыс па, бұрыс па?, - деген Рина үнсіз қалды.


Ата салтын жаңғыртқысы келетін келіншектің ойы осылай. «Тек балаларым үшін, отбасымның намысы мен болашағы үшін» дейді ол...

иллюстрациялық суреттер ашық дереккөзден алынды


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Омырауымды үлкейткісі келеді»: Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ота жасатқысы келмейді


«Тоқал әпергім келеді»: Шымкенттік келіншек күйеуіне екінші әйел әпергісі келетінін айтты