​«Келінім мен күйеуімді үйден қуып шықтым» : алматылық әйел отбасындағы сұмдық жағдайды айтып берді

0
89 056

«Бұл масқараға шыдай алмадым...»


​«Келінім мен күйеуімді үйден қуып шықтым» : алматылық әйел отбасындағы сұмдық жағдайды айтып берді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

«Жақсы келін қызыңдай, жақсы күйеу ұлыңдай» демекші, балаңның алғаны адал болса, өздерінен өсіп-өнсе одан асқан бақыт бар ма? Бірақ кейде өмір арнасын басқа жаққа бұрып, біз күтпеген оқиғалар орын алып жатады. Мәселен, Шымкенттің Зарипа есімді тұрғыны «тосын жайдың куәсі болып, тағдырымның тас-талқаны шықты» деп отыр.

Ол ERNUR.KZ тілшісіне ағынан жарылып, басындағы жағдайды әңгімелеп берді.

«Мені осындай масқараны жайып салғаным үшін ешкім айыптамаса екен... Мұндайлар қайдан, неден шығып жатыр? Адамның санасы тозып, хайуанға айналып бара ма?! Кеудемді өртеген масқараға шыдай алмадым... Бәрін жайып салғым келді.

Күйеуім екеуміздің отасқанымызға отыз жылдан асқан. Екі ұлымыз бар. Үлкен ұлымды босанып жатқанда дәрігерлер жерге құлатып алып, миына зақым келген. Соның салдарынан ақыл-есі өз қатарластарынан кештеу дамыды. Бірақ аяқ-қолы сау, тек тұтығып сөйлейді. Сосын кейбір қылықтары баланікіне ұқсап кетеді. Мысалы, істеп жатқан жұмысын тастай салып өзінен жасы кіші балалармен ойнап кете салады. Кейде дым күлкілі емес нәрселерге ішек-сілесі қатып күле береді. Ал былайша, ешкімге зияны жоқ...

Осы баламның тағдыры мені қатты алаңдататын. Қараттым, емдеттім, бірақ нәтиже болмады. Сосын көндігуге тура келді. Ақыл-есі кем дамыған соң оқуды да жарытпады. Мектепті әупірімдеп бітірген соң өзімнің жаныма, саудаға тарттым. Екеуміз базарда көкөніс сатамыз, маған қап көтерісіп, арба сүйреп, қолғанатым болып жүр.

Бес жыл алдын осы баламды үйлендіргенмін. Әпкелерім себеп болып, өздері жақтан бір қызды тауып берген. Оның да денсаулығы жоқ екен, бірақ ақыл-есі, сөйлеуі, бәрі жақсы. Онысына қараған жоқпыз, әйтеуір үй болып, өсіп-өніп кетсе болды деп тіледік.
Баламның қуанышында шек болмады. Әйелін шын жақсы көрді. Өзінің азын-аулақ пенсиясы бар, күн сайын әйеліне бала сияқты тәттілер әкеп, көйлектерін әперіп, бақыттан басы айналып жүрді. Келінімнің де оғаш мінезін байқамайтынмын. Таңда кетіп, кешке бір-ақ келемін. Келгенде тамағым дайын, үйім жинаулы. Бірінен соң бірін, екі немере туып берді. Одан артық не керек, тағдырыма тәубе, шүкір дейтінмін. Сөйтсем мен білмейтін нәрсе көп екен ғой...


Тәптіштемей-ақ қояйын, тағдырдың маған арнағаны әлі алдымда екен. Теледидардан көргенім өз өмірімде қайталады деген үш ұйықтасам түсіме кірмес. Қысқасы, ұлымның екінші баласы өзінен емес, қайын атасынан болып шықты...

Оны кездейсоқ біліп қалмағанда масқара жалғаса береді екен.


...Оңбағандардың мұндай тірлігі екі жылдан бері жалғасып келіпті. Біз саудадамыз, күйеуім түнде қарауыл, күндіз үйде. "Балаңыздың бала тірлігі мені шаршатты. Төсекке де еш ебі жоқ" деп еш қымсынбай отырған келінді айтсайшы. Сондағы қорланғаным-ай...

Осылар ештеңеден кем болмасын, үй боп кетсін деп тырбаңдап жүргеніме ішім ашыды. Келінімді қойшы, күйеуімді айтсайшы, осындай оңбағанмен отыз жыл қалай өмір сүріп келгенмін? Екеуін балалармен қоса үйден қуып шықтым. Олар қазір де бірге тұрып жатыр екен дегенді есіттім...


Балама бұл жағдай жаман әсер етті. Әкемді өлтіремін деп іздеп, талай мәрте шу шығарды. Әйелін, ұлын қимайды.

Осындай жағдайлардан кейін екінші ұлым да үйден кетіп қалды. «Сендердің үнді киноларыңнан шаршадым, масқара болдық» деп қашып кеткен. Қазір бір келіншектің қолына кіріп алған. Анда-санда келіп кеткені болмаса, бізбен ісі жоқ. Ал біз үлкен ұлыммен сол баяғыша, жұмысымызға барып-келіп жүрміз.
Ендігі арманым осы ұлыма иманды, сыйлағанды түсінетін, балама адал жар болатын әйел тауып берсем. Екеуін үйлендіріп, немере сүйіп отырсам деймін».

Осылай деген ана солығын баса алмай жылап отырып перзентін әлі де бақытты етсем деген арманын да айтып берді. "Адамдықтан ажырамасыншы, адамдар!" деген ұлы тілегін де жеткізді.


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Құдам қызыма қол жұмсады»: түркістандық әйел осылай деп мұңын шақты


«Құдамызбен жаға ұстасып қалдық...» "Әйелім тоқал ал деп қинап жатыр": шымкенттік азамат екі оттың ортасында қалғанын айтты