АҚША ЖОҒАЛТЫП ала бересіз бе? Бұл Сізге берілген БЕЛГІ болуы мүмкін

0
7 011

Ол ненің белгісі? Жақсылық па, жамандық па?


АҚША ЖОҒАЛТЫП ала бересіз бе? Бұл Сізге берілген БЕЛГІ болуы мүмкін

Көшеде кетіп бара жатып немесе аялдамада тұрғанда жерден ақша, тиын тауып алмаған адам жоқ шығар?! Жерде жатқан ақшаны алған дұрыс па, әлде?..

Ақша тауып алғанда оны жерден көтермес бұрын «Бұл ненің белгісі?», «Кездейсоқтық па?» деген сұрақтардың бас көтеретіні белгілі. Экзотерика мамандары бұл тұрғыда не дейді?



КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ ПА?

«Жерде жатқан ақша жоқ» дегенді естіп жүрген боларсыз. Бекерден-бекер жолыңызда ақша, әмиян жатпайды.

Қасиетті Құранда да, басқа киелі кітаптарда да құдайдың әмірінсіз жапырақ та жерге үзіліп түспейтіні айтылады. Демек подъезден, көшеден тиын тауып алу кездейсоқтық емес. Бұл жоғары күштің белгісі.

Қандай белгі екенін ұғу үшін, адам оны қандай ойда келе жатып тауып алғанын, дәл сол кезде нендей жағдайда, күйде болғанын саралай білуі керек. Сонда нақты жауабын таба алады.

Ал экзотерика мамандарының тәжірибесіне сүйенсек, көбіне өмірден, я болмаса жеке басының мәселелерінен шаршап жүрген адам ақша тауып алады екен. Бұл тағдырдың «Күш жина, қуаттан, қайраттан» деген белгісі. Өйткені ақша – қуат. Қолдан-қолға көшіп, қаншамадан адамның қолынан өткен ақшада үлкен қуат болады.

Сондай-ақ қаржылық қиындықта жүрген адамдар жолынан қомақты ақша тауып алатын көрінеді. Бұл тағдырдың «Құдай бар. Ол бәрін білуші, көруші және естиді» деген белгісі. Бұның да астарында «Құдай ешкімді қиындықта тастамайды. Орныңнан тұр, қимылда. Бұл күндер де артта қалады» деген белгі жатыр.



АДАМДАР НЕГЕ АҚШАСЫН ЖОҒАЛТАДЫ?


Ақша тауып алу кездейсоқ емесе дегеніміздей, ешкім бекерге ақшасын жоғалтпайды. Тағы да экзотерика мамандарының зерттеулеріне жүгінсек, жоғалту – әлдененің төлемі, тылсым белгі.

Мысалы, «Жұмысқа тұрып кетсем, құдайы өткізем», «Ұлым ҰБТ-дан жоғары балл жинап грантқа түссе, бәріңді үйге шақырып күтем», «Осы ауруымнан жазылсам, бір жалақымды ата-анама апарып берем» т.б. осы секілді өзгеге және өзімізге айтқанымызды ұмытып кетіп жатамыз.

Сол сияқты әке-шешесіне, я болмаса баласына операция жасалып жатқанда «Сәтті өтсінші. Ее, құдай, осыдан балам аман қалса намаз оқимын» немесе «Спиртті ішімдікті татып алмайтын болам» деп уәде беретіндер көп. Бірақ уәде арқылы жоғары күшпен келісім-шарт жасасақанын есінен шығарып алатындар да бар. Көбіне уәдесін, жалбарынып отырып айтқан сөзін ұмытып кеткендер қомақты ақшасын жоғалтады.



НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Егер тауып алған ақшаның жанында оның иесі туралы ешқандай дерек (төлқұжат, визитка, банкоматтық карталар т.б.) жоқ болса, ойланбай жаратуға болатын шығар.

Ал қасында төлқұжаты болса ше? Бұл орайда ішкі интуицияңызды тыңдап, шешімді өзіңіз қабылдағаныңыз жөн. Өйткені ақшасы табылғанына шүкір етіп, сыйақы беретіндер бар. Сонымен қатар жоғалған ақшасын өтірік еселеп айтып, өзіңізге бәле жабатындар да бар.

Ата-бабамыз "Ешкімге жақсылық жасамасаң да зияныңды тигізбе" демей ме, олай болса, тапқан ақшаның пайдасын да, зиянын да көрмес үшін оған қол тигізбеген абзал.


Экзотерика мамандары осылай дейді. Иә, тауып алған ақша кішкентай болса да қаржылық мәселеңізді шешуі мүмкін, сондай-ақ үлкен мәселе тудыруы да мүмкін. Сондықтан оны көргенде "қуаттан" деген белгі деп қана қабылдап, жанынан өте шыққан дұрыс болар.

(суретер ашық дереккөздерден алынды)


Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Сізге қай ТҮС ұнайды? (тест)

НЕГЕ жұмысыңды жақсы көру керек?